Қазақстандағы АҚШ Дипломатиялық миссиясының қоғаммен байланыс бөлімі «Суицидтің алдын алу саласындағы әлеуетті нығайту» тақырыбы бойынша қаржыландыру мүмкіндігі шеңберінде өтінімдерді қабылдаудың ашық екенін хабарлайды.

Жарияланған күні: 31.05.2021


Қазақстандағы АҚШ Дипломатиялық миссиясының қоғаммен байланыс бөлімі «Суицидтің алдын алу саласындағы әлеуетті нығайту» тақырыбы бойынша қаржыландыру мүмкіндігі шеңберінде өтінімдерді қабылдаудың ашық екенін хабарлайды.

 

10 000-нан 50 000 АҚШ долларына дейінгі грантқа өтінімдер Қазақстанда 12 ай ішінде жобаны іске асыруға ұсынылады.

 

Жоба мақсаты: азаматтардың хабардарлығын арттыруға жәрдемдесу, мемлекеттік қолдау көрсету және азаматтық қоғамның әлеуетін кеңейту арқылы Қазақстанның психикалық денсаулық саласындағы сын-қатерлерге қарсы тұру қабілетін нығайту.

 

Жоба міндеттері:

  1. Келесі тақырыптар бойынша мақсатты топтың кемінде 100 өкілі үшін ресми сертификатталған тренингтер өткізу арқылы тәуекел тобындағы адамдарға көрсетілетін қолдау сапасын арттыру:
  • тәуекел тобындағы адамдарды анықтау және көңіл-күйді жақсартуда ресурстарды дамыту;
  • өзіне-өзі қол жұмсау ойлары мен мінез-құлқы бар адамдарға көмек көрсету үшін азаматтарды, психикалық денсаулық саласындағы мамандарды және алғашқы көмек көрсететін адамдарды адамдардың мүмкіндіктерін кеңейту арқылы интервенция;
  • суицидтен аман қалған адамдарды қалпына келтіру үшін интевациядан кейінгі ресурстарды құру және ілгерілету; және
  • өзіне-өзі қол жұмсау салдарынан қайтыс болғандардың отбасылары мен достарына кеңес беру және көмек көрсету.
    1. Өзіне-өзі қол жұмсаудың алдын алу үшін тұрақты ресурстарды әзірлеу арқылы психикалық денсаулық пен тұрақтылық мәселелері туралы хабардарлықты арттыру: суицидтің алдын алу бойынша қауырт желі, оқу ресурстары, топтық жұмыс, ақпараттық-түсіндіру бағдарламалары.

 

Конкурс шарттары: келесі ұйымдар өтінім беруге құқылы: коммерциялық емес ұйымдар, азаматтық қоғам өкілдері/үкіметтік емес ұйымдар, талдау орталықтары, мемлекеттік және жеке оқу орындары, жеке тұлғалар, қоғамдық халықаралық ұйымдар және мемлекеттік мекемелер.

 

Өтінім берудің соңғы мерзімі: 2021 жылғы 07 маусым, 23: 59 сағат.

 

Толық ақпаратты келесі сілтеме бойынша табуға болады:  https://www.grants.gov/web/grants/search-grants.html?keywords=%23DOS-KAZ-ALM-PAS-21-008