Жарияланған күні: 15.04.2021
2021 жылдың 14 сәуірінде “Fashion Girls in Business” жобасы аясында “The Steppe” Қазақстандық медиастартабының негізін қалаушы және бас директоры, Forbes Kazakhstan “30 under 30” рейтингінің лауреаты Зәуре Розмат “Тігін ісі” және “Модельдеу” мамандықтарында білім алып жатқан студент-қыздармен бейресми онлайн кездесу өткізді.
Зәуре Розмат студент-қыздарға кәсіпкер ретінде табысқа жету тарихымен бөлісіп The Steppe жобасы туралы айтты.
Сонымен қатар, жоба қатысушыларымен бейресми әңгіме барысында бизнесвумен оларға өз саласындағы практикалық дағдыларды және тәжірибені арттыруға кеңес берді:
“Менің берер ақылым, колледжде оқып жүргенде оқуды жұмыспен ұштастырып, бір жерде тәжірибеден өтуді ұсынамын, тіпті кішкентай тәжірибенің өзінен біраз нәрсені үйренуге болады!».
Сонымен қатар, Зәуре Розмари стартаптан бренд жасау мүмкіндігі мен идеяның сәтті жобаға айналдыру жолдары туралы айтты.
Еске сала кетейік, “Fashion Girls in Business” жобасының аясында Қазақстанның табысты әйелдерімен мотивациялық бейресми кездесулердің бірінші қонағы – танымал тележүргізуші және мультибрендті дүкендер желісінің иесі Динара Сатжан болған еді.”Fashion Girl In Business “жобасын Азаматтық бастамаларды қолдау орталығы АҚШ-тың Нұр-Сұлтандағы Елшілігінің” Америкалық бұрыштар ” бағдарламасымен бірлесіп іске асыруда.