“Ауылда азаматтық бастамаларды дамытуға бағытталған іс-шаралар кешенін ұйымдастыру” атты республикалық жобаның басталуына арналған баспасөз конференциясы өтеді.

Жарияланған күні: 29.03.2021


Құрметті достар!
Ертең, 30 наурыз күні сағат 12.00-де онлайн режимде “Ауылда азаматтық бастамаларды дамытуға бағытталған іс-шаралар кешенін ұйымдастыру” атты республикалық жобаның басталуына арналған баспасөз конференциясы өтеді.
Іс-шараға Азаматтық қоғам істері комитетінің төрағасы Мадияр Қожахмет, “Азаматтық бастамаларды қолдау орталығы ” Басқарма төрайымы Лима Диас, Ақтөбе облысының үкіметтік емес ұйымдар қауымдастығының президенті Айгүл Дүйсенова және басқа да азаматтар қатысады.
Спикерлер әлеуметтік жобалау бойынша ауыл тұрғындары арасында осы жобаның мақсаттары мен міндеттері туралы айтып береді. Сондай-ақ, іс-шара барысында жергілікті қоғамдастықты жұмылдыруға, ауылдық бастамаларды дамыту саласындағы көшбасшыларды анықтауға және ауыл халқының цифрлық, қаржылық сауаттылығын арттыруға бағытталған 500 мың теңгеден кемінде 60 шағын грант бөлуге байланысты конкурс ұйымдастыру және өткізу туралы ақпарат жарияланады.
Жоба “Азаматтық бастамаларды қолдау орталығы” КЕАҚ гранттық қаражаты есебінен жүзеге асырылады.
Іс-шараның трансляциясы біздің Facebook парақшамызда өтеді.