Азаматтық бастамаларды қолдау орталығы Cіздерді Ozgeris Ustasy сыйақысына өтінімдерді беруге шақырады!

Жарияланған күні: 12.03.2021


Құрметті достар!

Азаматтық бастамаларды қолдау орталығы Cіздерді Ozgeris Ustasy сыйақысына өтінімдерді беруге шақырады!

Ozgeris Ustasy – әлеуметтік кәсіпкерлікті дамытуға үлес қосқаны үшін
2019 жылы ұйымдастырылған республикалық сыйақы. Сыйақының мақсаты – Қазақстанда әлеуметтік кәсіпкерлікті дамыту саласына аудиторияның назарын аудару.

Конкурсқа қатысуға Қазақстан территориясында ресми түрде тіркелген коммерциялық және коммерциялық емес санаттағы әлеуметтік кәсіпкерлер шақырылады (кем дегенде 1 жыл жұмыс жасайтын).

Әлеуметтік кәсіпкерліктің үздік үлгілері 7 номинация бойынша қоғамға танылып қана қоймай 500.000 тенге көлемінде ақшалай грант алады.

Осы жылы ұйымдастырушылар «Әлеуметтік кәсіпкерлердің арасында COVID-19 пандемиясының сын-қатерлерін шешуге бағытталған инновациялары» – 2021 жылдың арнайы сыйлықақысын қосты.

Ozgeris Ustasy сыйақысы «Шеврон» компаниясының спонсорлық көмегі мен Азаматтық бастамаларды қолдау орталығының ақпараттық қолдауымен және «Impact Hub Almaty» корпоративтік қорымен беріледі. Бұл сыйақы
2019 жылы ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің қолдауының арқасында Азматтық бастамаларды қолдау орталығымен және «Impact Hub Almaty» корпоративтік қорымен ұйымдастырылды.

Осы жылы Сыйақы екі категориядағы ұйымдарға бағытталған:
1.коммерциялық және коммерциялық емес санаттағы әлеуметтік кәсіпкерлер
2.Қазақстанда әлеуметтік кәсіпкерлікті дамытуға жәрдем көрсететін ұйымдар (халықаралық ұйымдар, корпоративтік бизнес, мемлекеттік институттар).

 

Әлеуметтік кәсіпкерлер 7 номинация бойынша таңдалынып алынады және үздік атауымен қоса өз ісін әрі қарай дамытуға грант беріледі.

Ұйымдар 3 номинация бойынша таңдалады.

Өтінімдерді қабылдау 16 наурызға (қоса алғанда) дейін ұзартылды.

Сыйақыны салтанатты түрде табыс ету рәсімі 30 сәуірде онлайн форматта өтеді.
Өтінімдерді келесі сілтемеге өту арқылы бере аласыз:

 

http://www.ozgeris-ustasy.kz/