Жарияланған күні: 22.02.2021
“Азаматтық бастамаларды қолдау орталығы” КЕАҚ мемлекеттік гранттар беруге өтінімдерді бағалайтын сарапшылар тізілімін қалыптастыру бойынша жұмысты жалғастыруда.
Тізім үкіметтік емес ұйымдар ұсынған (ҮЕҰ дерекқорына енгізілген), сондай-ақ мемлекеттік органдар ұсынған сарапшылар қатарынан жасалады.
Комиссияның әлеуетті мүшесінің ҮЕҰ-ның бір немесе бірнеше бағыты бойынша, мемлекеттік қызметте кемінде бес жыл өтілі немесе сараптама жүргізу немесе әлеуметтік бағдарламалар мен жобаларды бағалау жөніндегі комиссияларға қатысу тәжірибесі кемінде екі жыл болуы тиіс.
Бұдан басқа, сарапшыдан бөлінетін мемлекеттік гранттардың бағыттары бойынша кәсіби білімінің болуы талап етіледі.
Үкіметтік емес ұйымның, мемлекеттік органның бірінші басшысының не оның орнындағы адамның қолы қойылған, қолданыстағы қағидаларға сәйкес кандидатуралар тізбес expert@cisc.kz і электрондық мекенжайға ресми хатпен жолдануы қажет.
Сарапшылар тізіліміне кіру туралы толық ақпаратты сілтеме арқылы біле аласыз: https://cisc.kz/ru/2021/02/02/o-formirovanii-reestra-ekspertov/