Жарияланған күні: 13.01.2021
Бүгін Орталықтың ішкі нормативтік құжаттарын өзектендіру үшін құрылған жұмыс тобының онлайн мәжілісі өтті. Іс-шараға “АБҚО” КЕАҚ және Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің қызметкерлері, сондай-ақ бірқатар республикалық және өңірлік үкіметтік емес ұйымдардың өкілдері, гранттық қаржыландыру саласындағы сарапшылар қатысты.
Сарапшылар орталықтың бүгінгі күнге дейін атқарған жұмысына оң баға берді, алайда жекелеген кемшіліктер мен өсу нүктелерін атап өтті, атап айтқанда, жобаларды мониторингілеу, грант алушылар ұсынатын есептілік процестерін оңтайландыру бойынша бірқатар ұсыныстар енгізді.
Конференция қорытындысы бойынша “Азаматтық бастамаларды қолдау орталығы” барлық ұсыныстарды назарға алды және оларды ішкі нормативтік құжаттарды өзектендіруде пайдалануға ниетті. Сарапшылармен жұмыс жалғасатын болады.