Фото: arnapress.kz
Үкіметтік емес ұйымдар “Азаматтық бастамаларды қолдау орталығы” КЕАҚ алаңында гранттық қаржыландыру аясында іске асырылған әлеуметтік жобалардың қорытындысын таныстырды, деп хабарлайды Dalainform Азаматтық бастамаларды қолдау орталығына сілтеме жасап.
“2020 жылы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің қолдауымен “Азаматтық бастамаларды қолдау орталығы ” КЕАҚ гранттық қаржыландыру аясында 115 әлеуметтік жоба аяқталмақ. Елде ТЖ режимі енгізілуіне байланысты кейбір жекелеген жобалар бойынша қиындықтар мен күтіп отырған нәтижеге қол жеткізе алмай қаламыз ба деген қауіп болды. Дегенмен, іс-шараларды онлайн-форматта өткізу нәтижесінде жобалар грант жоспарына сәйкес іске асырылды. Кейбір жобалар бойынша пандемияға байланысты қажеттілігі жойылған қызметтер есебінен үнемделген ақша қаражаты жобалардың қажетіне жаратылды”, – деп атап өтті “Азаматтық бастамаларды қолдау орталығы” КЕАҚ Басқарма төрағасының міндетін атқарушы Арбат Рахимбаев.
“Шығармашыл жастарды қолдау бойынша іс-шараларды ұйымдастыру” әлеуметтік жобасын іске асыру кезінде 300 республикалық және халықаралық фестивальдер тізілімі қалыптастырылып, келесі бағыттар бойынша бөлінген: музыка, хореография, театр, дизайн, сәулет, бейнелеу өнері, кино, цирк өнері, әдебиет.
Сондай-ақ, шығармашыл жастар тізілімі құрылды, оған 100-ден астам адам кіреді. Грант алушылар, халықаралық және республикалық конкурстарға қатысушылар анықталды: 28 жеке ізденуші және 40 адамнан тұратын 5 ұжым.
Грант алған 68 адамның 17-сі халықтың әлеуметтік осал топтарынан шыққан. Бір ұжым: “Ложкари” ансамблі толығымен есту қабілеті нашар жастардан тұрады, құрамында 6 адам бар.
Көптеген жастар гранттық қолдаудың арқасында алғаш рет халықаралық және республикалық байқауға қатысу мүмкіндігіне ие болды. Жобаға Қазақстанның шалғай аудандарында тұратын жастар қатысты: ШҚО, Тарбағатай ауданы, Сәтбаев ауылы; Алматы облысы, Еңбекші ауданы, Шелек ауылы; Қызылорда облысы, Байқоңыр қаласы және т.б.