Жарияланған күні: 10.12.2020
Бүгін, 2020 жылғы 10 желтоқсанда, «Азаматтық бастамаларды қолдау орталығы» КЕАҚ онлайн форматта гранттық қаржыландыру аясында әлеуметтік жобаларды іске асыру қорытындылары бойынша таныстырылым өткізді.
Форумға ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі Азаматтық қоғам істері комитетінің төрағасы М.Қожахмет, ҚР АҚДМ Жастар және отбасы істері комитетінің төрағасы Ш. Байманов, ҚР АҚДМ Дін істері комитетінің төрағасының орынбасары Б. Бакиров, «Азаматтық бастамаларды қолдау орталығы» КЕАҚ Басқарма төрағасының міндетін атқарушы А. Рахимбаев, мемлекеттік органдар мен үкіметтік емес ұйымдардың өкілдері, сондай-ақ жобалардың бенефициарлары қатысты.
Спикерлер мемлекеттік органдардың, үкіметтік емес сектордың және басқа да мүдделі тараптардың өкілдері алдында жобалардың қорытындысын таныстырды.
«2020 жылы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің қолдауымен «Азаматтық бастамаларды қолдау орталығы» КЕАҚ-ның гранттық қаржыландыруы аясында 116 әлеуметтік жоба аяқталады. Елде ТЖ режимі енгізілуіне байланысты кейбір жекелеген жобалар бойынша қиындықтар мен күтіп отырған нәтижеге қол жеткізе алмай қаламыз ба деген қауіп болды. Дегенмен, іс-шараларды онлайн-форматта өткізу нәтижесінде жобалар грант жоспарына сәйкес іске асырылды. Кейбір жобалар бойынша пандемияға байланысты қажеттілігі жойылған қызметтер есебінен үнемделген ақша қаражаты жобалардың қажетіне жаратылды», – деді “Азаматтық бастамаларды қолдау орталығы” КЕАҚ Басқарма төрағасының м.а. А.Рахимбаев.
Әлеуметтік жобалар бойынша жария таныстырылымның трансляциясы Орталықтың facebook-тегі ресми парақшасында жүргізілді.