Азаматтық бастамаларды қолдау орталығы үкіметік емес ұйымдар үшін 2021 жылға арналған есеп беру форматын өзгертеді

Жарияланған күні: 13.11.2020


Бұл туралы «Азаматтық бастамаларды қолдау орталығы» КЕАҚ басқармасының төрайымы Бәтима Мукина фейсбук желісіндегі өзінің пақшасында жазды.

«Бүгін грант алушылармен әлеуметтік жобаларды іске асыру жөніндегі есеп беруді және бірлескен қызметті жақсарту бойынша ZOOM режимінде конференция өтті.

Бүгінгі таңда ҮЕҰ-ның наразылығын тудырып отырған мәселенің бірі – есеп беру. Сондықтан да, Азаматтық бастамаларды қолдау орталығы келесі жылға есеп беру форматын өзгертуге қатысты ұсыныстарын әзірледі.

Бүгін бейнеконференция режимінде өткен кездесуде 55 ҮЕҰ тарапынан ұсыныстар түсті. Осы бейнеконференцияда айтылғандардың барлығы жинақталып, оны ҮЕҰ тағы да бір рет талқылағаннан кейін, аталған өзгерістер жинағы министрлікке келісу үшін жіберілетін болады.

Естеріңізге сала кетейік, әлеуметтік жобалар бюджет есебінен, яғни халық қаражаты есебінен қаржыландырылады. Біз үшін қаражаттың дұрыс арнаға бағытталуы өте маңызды. Сондықтан, Азаматтық бастамаларды қолдау орталығы егжей-тегжейлі есепті талап етеді, бұл жағдай кейде наразылық та тудырып жатады.

Егер 2016-2019 жылдар аралығында қаржылық есептілік бойынша барлық бастапқы құжаттарды талап ету тәжірибесі болса, 2020 жылы біз бұл тәжірибені заң шеңберінде өзгерттік. Біз бастапқы есептіліктен жиынтық есептілікке көштік, яғни барлық есептілікті жүйе арқылы автоматты түрде ұсыну мүмкіндігі туды. Дегенмен, барлық ҮЕҰ мұндай жүйеге көшіп үлгерген жоқ. Осы жүйеге көшкендер үшін есептілікті ұсыну оңайырақ болды. Яғни, бәрі екі тараптың жұмысына байланысты. Осылай жалғаса беретін болса, біз қалыптасқан жағдайдан шыға аламыз.

Шамамен 20 қарашада біз ҮЕҰ шарттарының жаңа үлгілік жобасын ұсынамыз, онда шығармашылық есепке 99 пайыз назар аударылды. ҮЕҰ-ның барлық ескертулері мен ұсыныстары ескерілетін болады», – деп жазды Бәтима Мукина.