Жарияланған күні: 06.11.2020
“Азаматтық бастамаларды қолдау орталығы” КЕАҚ мемлекеттік емес гранттық қаржыландыру жобалық кеңсесінің қызметі арқасында TIKA Түрік ынтымақтастық және Үйлестіру агенттігі демеушілік көмек ретінде өз медиа-бөлмесін іске қосуға арналған жабдықты ұсынуды мақұлдады.
Медиа-бөлме түрлі кездесулер, баспасөз конференциялары, ақпараттық-түсіндіру және медиалық іс-шаралар өткізу арқылы ҮЕҰ мен өзге де мүдделі тараптарға ақпараттық-консультациялық және әдіснамалық қолдау көрсету бойынша жұмыс жүргізілетін орталық идеяларының өзіндік жолсерігі болуға тиіс.
Сонымен қатар, соңғы технологиямен жабдықталған медиа бөлмеде орталықтың қызметі, гранттық қаржыландыру және әлеуметтік жобалар туралы хабардарлықты арттыру мақсатында медиа өнімдерді құру бойынша жұмыс жүргізу жоспарлануда.
Орталық TIKA Түрік ынтымақтастық және Үйлестіру агенттігіне алғыс білдіреді және жемісті ынтымақтастыққа үміттенеді.
Жақын арада медиа-бөлменің тұсаукесері өтеді, бізбен бірге болыңыз!!!