«Коммерциялық емес ұйымдардың азаматтық бірлігі мен аймақаралық ынтымақтастығын нығайту» грантын жүзеге асыру қорытындысы

Ұйым
Тапсырыс беруші
Аймақ
-
Іске асыру мерзімі NULL
Грант сомасы
Әкімшілік
Материалдық-техникалық қамтамасыз ету шығыстар
Тікелей шығындар

«Коммерциялық емес ұйымдардың азаматтық бірлігі мен аймақаралық ынтымақтастығын нығайту»

Грант алушы: «Камеда» қоғамдық қоры

Грант сомасы: 14 550 000 теңге

Жүзеге асыру мерзімі: 20 қыркүйек – 7 желтоқсан 2016 жыл

«Камеда» қоғамдық қоры «Күшті коммерциялық емес ұйымдар – азаматтардың шешім қабылдау үдерісіне қатысу мүмкіндіктерін кеңейту» жобасымен «Азаматтық бастамаларды қолдау орталығы» КЕАҚ және Дін істері және азаматтық қоғам министрлігінің грант иегері атанды. Жоба аясында келесі іс-шаралар ұйымдастырылды: үкіметтік емес ұйымдарға арналған республикалық ресурстық орталық құру, ҮЕҰ-ларды аттестациялау әдістемесін әзірлеу, елдің 16 аймағында көшбасшылық мектеп жұмысын ұйымдастыру.

1. Республикалық ресурстық орталық құру

Жоба аясында бүкіл Қазақстан бойынша 17 КЕҰ-ны http://kameda.kz/center/ мекенжайында біріктіру арқылы ортақ желі және Республикалық ресурстық орталық (РРО) құрылды. РРО КЕҰ-лар мен бастамашыл топтарға (БТ) қоғамдық ұйым мен әлеуметтік кәсіпорын құру, менеджмент, Қоғамдық кеңестермен қарым-қатынас, жергілікті өзін-өзі басқару саясатын әзірлеу мәселелері бойынша кеңес береді. РРО жұмысының тұрақтылығын Қор өз бетімен қамтамасыз етеді.
Жоғарыда көрсетілген іс-шараларды өткізу Қормен қатар ресурстық орталықтардың өздеріне және КЕҰ өкілдеріне де оң ықпал етті. Мысалы: 17 ресурстық орталықтың материалдық-техникалық базасы нығайтылды, стратегиялық жоспарлау жөніндегі кездесуге қатысу, кеңес беру, есептер дайындау барысында арқылы әлеует күшейтілді. Ресурстық орталықтар ҮЕҰ-лар мен БТ-ларға кеңес берді. Кеңес берудегі негізгі мәселелер (922) келесі тақырыптар болды:
• Деректер базасына есептілік беру (бұл шараларды атқару арқылы ҮЕҰ өкілдерінің теріс пікірі мен есептілік нысандарының деректерін толтыруға қатысты алаңдаушылығын азайту мүмкін болды)
• Әлеуметтік кәсіпорындарды құру, іске қосу және ашу үшін қаражат іздестіру
• КЕҰ-ны жабу мәселелері
• КЕҰ-ны тіркеу мәселелері

• Мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс – қалай қатысуға болады?
• ҮЕҰ-ларға арналған фандрейзинг, оның ішінде жоба өтініштерін әзірлеудегі нақты қадамдар бойынша сұраныстар
• Мемлекеттік органдардың өкілдерімен қарым-қатынасты жақсарту механизмдері
• Қаржылық/салықтық есептерді әзірлеу
• Ақпараттық науқандарды әзірлеу және енгізу
• Шетелдік қаржыландыру бойынша есептілік

2) ҮЕҰ-ларды аттестациялау әдістемесін әзірлеу

Түрлі салаларда халыққа әлеуметтік қызметтер көрсету мақсатында ҮЕҰ-ларды аттестациялау әдістемесі әзірленді. Аттестациялау әдістемесін әзірлеу үшін азаматтық секторды дамыту саласындағы сарапшылармен шарт жасалды, әрбір сарапшы үшін техникалық тапсырма әзірленді, сонымен қатар әдістемені талқылау мақсатында 3 онлайн кездесу өткізілді. Нәтижесінде 2 аттестациялау әдістемесі (мемлекеттік қызметтер көрсетуге ниетті ұйымдар үшін міндетті және даму деңгейін анықтауға арналған ерікті аттестация) әзірленді. «Камеда» қоры, РО және сарапшылар әдістемені жетілдіруді жалғастырып, оны әрі қарай нормативтік-құқықтық базаға енгізу мақсатында алдағы жылы сынақтан өткізуді жоспарлап отыр.

3) Елдің 16 аймағында көшбасшылық мектеп жұмысын ұйымдастыру

Жоба аясында көшбасшылық мектептердің жұмысы ұйымдастырылды, стандарттар әзірленіп, ҮЕҰ өкілдері мен белсенділері үшін тренингтер өткізілді, шамамен 40 ҮЕҰ/БТ оқыту және кеңес беруден кейін өз ұйымдарының дамуында оң өзгеріс байқатты. 222 адам көшбасшылық мектепте оқыту курсынан өтті.

Жоба нәтижелері:

– Материалдық-техникалық базаны нығайту есебінен ресурстық орталықтар желісінің, сонымен қатар аймақтық ҮЕҰ-лар мен БТ-лардың институционалдық әлеуеті күйшейтілді
– Аймақтардағы ҮЕҰ-лар мен БТ-ларға маңызды тақырыптар бойынша жеке кеңес беру арқылы олардың хабардарлық деңгейі жоғарылады
– Түрлі салаларда халыққа әлеуметтік қызметтер көрсету мақсатында ҮЕҰ-ларды аттестациялау әдістемесі әзірленді

Жобаның көпшілік таныстырылымы

Публичные презентации отсутствуют

Қосымша материалдар

Қосымша материалдар

Байланыс

Мекен жайы
Байланыс телефоны