Жарияланған күні: 14.08.2020
Бұл туралы “Азаматтық бастамаларды қолдау орталығы” КЕАҚ Басқарма төрағасы Батима Мукина Facebook-тегі парақшасында жазды.
“Медицинадағы волонтерлік – бүгінгі таңда өте өзекті тақырып.
“Birgemiz: Saýlyq” жалпыұлттық жобасы денсаулық сақтау саласына волонтерлерді тарту, науқастарды күтуге көмек көрсету, оның ішінде хоспистерде, онкологиялық диспансерлерде және т. б. бойынша шағын гранттар байқауын жариялады.
Жобаны “Қазақстанның отбасылық дәрігерлер қауымдастығы” Қоғамдық бірлестігі (Ақтөбе филиалы) жүзеге асырады.
Волонтерлік бастамаларды іске асыру үшін 300 000 теңге мөлшерінде шағын гранттар бөлініп, 68 жеңімпаз анықталады, дәл осы жеңімпаздар аталмыш грант иегерлері болмақ.
Жобаны іске асыру мерзімі – екі ай (қыркүйек-қазан). Конкурстық комиссия жобаларды қарау барысында жүйелік, қолданыстағы, өңірдегі жағдайды түбегейлі өзгертетін жобаларға басымдық береді.
Жоба шеңберіндегі шығыстар еңбекақы төлеуге, кеңсені ұстауға және басқа да әкімшілік шығындарға емес, киім-кешек, құралдар, жабдықтар және т. б. сатып алу сияқты волонтерлік бастамаларды іске асыруға қажетті шығыс материалдарына бағытталуы тиіс.
“Азаматтық бастамаларды қолдау орталығы” КЕАҚ грант беруші болып табылады және осы жобаның іске асырылу барысын бақылайды, сондай-ақ, белсенді азаматтық қоғамды да осы жобаның іске асырылуын бақылауға шақырамыз. Қаражатты адамдарға шынымен көмектесетін еріктілер алу керек деген пікірдемін. Және біз дәл осындай азаматтарды қолдауға тиіспіз.
Байқау 2020 жылдың 11 тамызы мен 30 тамызы аралығында өткізіледі.