Әлеуметтік жобаларды жүзеге асыру барысы талқыланды

Жарияланған күні: 06.08.2020


Бүгін «Азаматтық бастамаларды қолдау орталығы» КЕАҚ кеңсесінде ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі Азаматтық қоғам істері комитетінің Төрағасы Қожахмет Мадияр Дүйсенбайұлы, ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрінің кеңесшісі Лима Диас және «Азаматтық бастамаларды қолдау орталығы» КЕАҚ Басқарма Төрайымы Батима Қуанышқызы Мукинамен кездесу өтті.

Кездесу барысында, әлеуметтік жобалардың жүзеге асыру барысы талқыланды. Кездесуде грант алушылар тарапынан іске асырылып жатқан әлеуметтік жобаларды сапалыорындау мәселелері көтерілді.

Кездесу соңында, Басқарма төрайымы Б. Мукина орталықтың күнделікті жұмыс барысымен таныстырып өтті.