Техникалық сәйкестікке
ҚОРЫТЫНДЫ
Осы арқылы мемлекеттік гранттық қаржыландыру жөніндегі жобалау кеңсесі 2021 жылғы 5 наурызда “Азаматтық бастамаларды қолдау орталығы” КЕАҚ (бұдан әрі – Орталық) жариялаған үкіметтік емес ұйымдарға (бұдан әрі-ҮЕҰ) мемлекеттік гранттар беру жөніндегі конкурстың нәтижелері бойынша Орталыққа 45 ҮЕҰ – нан 60 өтінім келіп түсті, оның ішінде мемлекеттік тілде – 6 ҮЕҰ-нан 7 өтінім және орыс тілінде-39 ҮЕҰ-нан 53 өтінім.
Өтінімдерді қабылдау 2021 жылғы 8 сәуірде аяқталды.
Ағымдағы жылғы 15 Сәуірде өтінімдердің Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрінің 2015 жылғы 25 желтоқсандағы № 413 бұйрығымен бекітілген Үкіметтік емес ұйымдарға гранттар беру және олардың іске асырылуына мониторинг жүргізу қағидаларының (бұдан әрі – Қағидалар) 26 – тармағында және Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрінің 2021 жылғы “02” наурыздағы № 78 және 2021 жылғы “03” наурыздағы № 82 бұйрықтарымен бекітілген Үкіметтік емес ұйымдарға арналған гранттарды берудің 2021 жылға арналған бекітілген жоспарында (бұдан әрі-Жоспар) көзделген талаптарға сәйкестігін тексеру аяқталды.
Мемлекеттік гранттық қаржыландыру бойынша жобалық кеңсенің қызметкерлерімен келесі жұмыстар атқарылды:
1) Ұсынылған өтінімдердің Қағидалардың 26-тармағына сәйкестігін қарау;
2) Өтінімнің жоспарына сәйкестігін тексеру;
3) ҮЕҰ Дерекқорында мәліметтердің бар болуын және мәліметтердің уақтылы берілуін тексеру;
4) грант тақырыбының өтінім берушінің Жарғысына сәйкес нысанасына, мақсатына және қызмет түрлеріне сәйкестігін тексеру.
6 тақырып бойынша конкурсқа қатысу үшін келіп түскен өтінімдер сараптамалық комиссия мүшелеріне бағалау жүргізуге жіберіледі.
Қағидалардың 28-тармағына сәйкес Орталық конкурсқа қатысудан бас тартады және өтінім берушіге мынадай жағдайларда тиісті хабарлама жібереді:
1) өтінім Қағидалардың 26-тармағында көрсетілген талаптарға сәйкес келмеген жағдайда;
2) өтінім бекітілген Жоспарға сәйкес келмеген жағдайларда;
3)”Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс, үкіметтік емес ұйымдарға арналған гранттар және сыйлықақылар туралы” ҚР заңының 6-1-бабының 3-тармағына сәйкес Үкіметтік емес ұйымдардың дерекқорына өтінім беруші туралы мәліметтердің болмауы және (немесе) уақтылы берілмеуі»;
4) грант тақырыбының өтінім берушінің Жарғысына сәйкес нысанасына, мақсатына және қызмет түрлеріне сәйкес келмеуі.
Жоғарыда айтылғандарға байланысты мәселені қарауды сұраймын:
1) Қағидалардың 28-тармағына сәйкес келмеуіне байланысты төмендегі өтінім берушілерге мемлекеттік гранттар беруге арналған конкурсқа қатысудан бас тарту туралы:
| № п/п | № тақырыптар | Тақырып | ҮЕҰ атауы | Анықталған сәйкессіздіктер | Ескертпе |
| Қағиданың 28-тармағы (өтінімнің Қағидалардың 26-тармағында көрсетілген талаптарға сәйкес келмеуі) | |||||
| 1. | 8 | Жастар арасында мемлекеттік тілді дәріптеу бойынша іс-шаралар өткізу | “Тәуелсіз бақылаушылар” қоғамдық бірлестігі | Қағиданыың 26-тармағында сәйкес емес | |
| 2. | 12 | Өмірлік қиын жағдайда жүрген балалары бар отбасыларды қолдау жөніндегі шаралар кешенін әзірлеу және іске асыру | Общественный фонд “Право” | Қағиданыың 26-тармағында сәйкес емес | |
| 3. | 12 | Өмірлік қиын жағдайда жүрген балалары бар отбасыларды қолдау жөніндегі шаралар кешенін әзірлеу және іске асыру | Общественный фонд «SAMGAU INNOVATION» | Қағиданыың 26-тармағында сәйкес емес | |
| 4. | 12 | Өмірлік қиын жағдайда жүрген балалары бар отбасыларды қолдау жөніндегі шаралар кешенін әзірлеу және іске асыру | Областное общественное объединение инвалидов «Афина» | Қағиданыың 26-тармағында сәйкес емес | |
| 5. | 12 | Өмірлік қиын жағдайда жүрген балалары бар отбасыларды қолдау жөніндегі шаралар кешенін әзірлеу және іске асыру | Общественный Фонд “Благотворительный Фонд Аспан Жүрек” | Қағиданыың 26-тармағында сәйкес емес | |
| 6. | 17 | Арнайы исламдық Интернет-порталдың тиімді жұмыс істеуін қамтамасыз ету “Каzislam.kz» | Общественное объединение “JebePavlodar” | Қағиданыың 26-тармағында сәйкес емес | |
| 7. | 1 | «Қайырымды істер марафоны» жобасы | Общественный фонд “БлагоДарю Астана” | Қағиданыың 26-тармағында сәйкес емес | |
| 8. | 2 | Аға ұрпақты волонтерлік қызметке тарту бойынша “Күміс волонтерлік” жобасы | Общественное объединение “Реабилитационный творческий центр “Өмір” | Қағиданыың 26-тармағында сәйкес емес | |
| 9. | 2 | Аға ұрпақты волонтерлік қызметке тарту бойынша “Күміс волонтерлік” жобасы | Общественное объединение инвалидов “Бірге Оңай” | Қағиданыың 26-тармағында сәйкес емес | |
| 10. | 2 | Аға ұрпақты волонтерлік қызметке тарту бойынша “Күміс волонтерлік” жобасы | Корпоративный фонд «Болашак» по городу Алматы» | Қағиданыың 26-тармағында сәйкес емес | |
| 11. | 28 | Азаматтық қоғамды дамытудағы диалог алаңдарының рөлі: халықаралық тәжірибе | “Дипломат НәзірТөреқұл-ұлы” қоғамдық қоры | Қағиданыың 26-тармағында сәйкес емес | |
| 12. | 28 | Азаматтық қоғамды дамытудағы диалог алаңдарының рөлі: халықаралық тәжірибе | Общественный фонд “Особые праздники” | Қағиданыың 26-тармағында сәйкес емес | |
| 13. | 28 | Азаматтық қоғамды дамытудағы диалог алаңдарының рөлі: халықаралық тәжірибе | «Жоғары жастар кеңесі» қоғамдық бірлестігі | Қағиданыың 26-тармағында сәйкес емес | |
| Қағиданың 28-тармағы (өтінімнің бекітілген жоспарға сәйкес келмеуі) | |||||
| № п/п | № тақырыптар | Тақырып | ҮЕҰ атауы | Анықталған сәйкессіздіктер | Ескертпе |
| 1. | 8 | Жастар арасында мемлекеттік тілді дәріптеу бойынша іс-шаралар өткізу | Общественное объединение «Республиканское студенческое движение «АСК» | Жоспарға сәйкес келмеу | |
| 2. | 12 | Өмірлік қиын жағдайда жүрген балалары бар отбасыларды қолдау жөніндегі шаралар кешенін әзірлеу және іске асыру | Областное общественное объединение инвалидов «Афина» | Жоспарға сәйкес келмеу | |
| 3. | 12 | Өмірлік қиын жағдайда жүрген балалары бар отбасыларды қолдау жөніндегі шаралар кешенін әзірлеу және іске асыру | Общественный Фонд “Благотворительный Фонд АспанЖүрек” | Жоспарға сәйкес келмеу | |
| 4. | 12 | Өмірлік қиын жағдайда жүрген балалары бар отбасыларды қолдау жөніндегі шаралар кешенін әзірлеу және іске асыру | Общественное объединение “NASLEDIE” | Жоспарға сәйкес келмеу | |
| 5. | 17 | Арнайы исламдық Интернет-порталдың тиімді жұмыс істеуін қамтамасыз ету “Каzislam.kz» | Общественное объединение “JebePavlodar” | Жоспарға сәйкес келмеу | |
| 6. | 1 | «Қайырымды істер марафоны» жобасы | Общественное объединение “Менің Атамекенім” | Жоспарға сәйкес келмеу | |
| 7. | 2 | Аға ұрпақты волонтерлік қызметке тарту бойынша “Күміс волонтерлік” жобасы | Общественное объединение “Реабилитационный творческий центр “Өмір” | Жоспарға сәйкес келмеу | |
| 8. | 2 | Аға ұрпақты волонтерлік қызметке тарту бойынша “Күміс волонтерлік” жобасы | Корпоративный фонд «Болашак» по городу Алматы» | Жоспарға сәйкес келмеу | |
| 9. | 28 | Азаматтық қоғамды дамытудағы диалог алаңдарының рөлі: халықаралық тәжірибе | Общественный фонд “Особые праздники” | Жоспарға сәйкес келмеу | |
| 10. | 28 | Азаматтық қоғамды дамытудағы диалог алаңдарының рөлі: халықаралық тәжірибе | «Жоғары жастар кеңесі» қоғамдық бірлестігі | Жоспарға сәйкес келмеу | |
| Қағидалардың 28-тармағы (Заңның 6-1-бабының 3-тармағына сәйкес Үкіметтік емес ұйымдардың дерекқорына өтініш беруші туралы мәліметтердің болмауы немесе уақтылы берілмеуі) | |||||
| № п/п | № тақырыптар | Тақырып | ҮЕҰ атауы | Мәліметтерді ұсыну күні және уақтылығы | Қабылдамау себебі |
| 1. | 12 | Өмірлік қиын жағдайда жүрген балалары бар отбасыларды қолдау жөніндегі шаралар кешенін әзірлеу және іске асыру | Общественный фонд «SAMGAU INNOVATION» | Мәліметтер жоқ | |
| 2. | 28 | Азаматтық қоғамды дамытудағы диалог алаңдарының рөлі: халықаралық тәжірибе | «Дипломат НәзірТөреқұл-ұлы» қоғамдық қоры | 16.11.2020 | (2019 жылғы есеп өз мерзімінде емес) |
| Қағидалардың 28-тармағы (грант тақырыбының өтініш берушінің жарғысына сәйкес нысанасына, мақсатына және қызмет түрлеріне сәйкес келмеуі) | |||||
| № п/п | № тақырыптар | Тақырып | ҮЕҰ атауы | Анықталған сәйкессіздіктер | Ескертпе |
| 1. | 17 | Арнайы исламдық Интернет-порталдың тиімді жұмыс істеуін қамтамасыз ету “Каzislam.kz» | Общественное объединение “Союз ветеранов Афганистана и локальных войн РК” | Грант тақырыбының өтініш берушінің Жарғысына сәйкес, мақсатына және қызмет түрлеріне сәйкес келмеуі | |
| 2. | 1 | «Қайырымды істер марафоны» жобасы | Общественный фонд “Ана құшағы” | Грант тақырыбының өтініш берушінің Жарғысына сәйкес, мақсатына және қызмет түрлеріне сәйкес келмеуі | |
| 3. | 2 | Аға ұрпақты волонтерлік қызметке тарту бойынша “Күміс волонтерлік” жобасы | Общественное объединение инвалидов “Бірге Оңай” | Грант тақырыбының өтініш берушінің Жарғысына сәйкес , мақсатына және қызмет түрлеріне сәйкес келмеуі | |
| 4. | 2 | Аға ұрпақты волонтерлік қызметке тарту бойынша “Күміс волонтерлік” жобасы | Корпоративный фонд «Болашак» по городу Алматы» | Грант тақырыбының өтініш берушінің Жарғысына сәйкес, мақсатына және қызмет түрлеріне сәйкес келмеуі | |
- 2) Гранттар жоспарында тақырыптары жоқ өтінімдерді мемлекеттік гранттар беруге арналған конкурсқа қатысудан бас тарту туралы:
| № | Өтінімде көрсетілген тақырып | ҮЕҰ-ның атауы |
| 1. | “Әлеуметтік қолдау» | «Афина» Облыстық мүгедектер қоғамдық бірлестігі |
| 2. | «Отбасылық-демографиялық және гендерлік мәселелерді шешуге жәрдемдесу» | Түркістан облыстық әйелдер кеңесі “Қазақстан әйелдері Республикалық кеңесі” қоғамдық бірлестігінің филиалы |
3) Қосымша ақпарат үшін Сіздердің назарларыңызға конкурстық рәсімдер шеңберінде 2 ҮЕҰ-ның өз өтінімдерін келесі 2 тақырып бойынша кері қайтарып алғанын жеткіземіз:
| № | Өтінімде көрсетілген тақырып | ҮЕҰ-ның атауы |
| 1. | Аға ұрпақты волонтерлік қызметке тарту бойынша “күміс волонтерлік” жобасы | «Ардагер» қоғамдық бірлестігі |
| 2. | Аға ұрпақты волонтерлік қызметке тарту | Корпоративный фонд «Болашак» по городу Алматы» |
Осылайша, барлық рәсімдерді аяқтау нәтижелері бойынша сараптамалық комиссия мүшелерінің қарауына келесі 6 тақырып бойынша 28 ҮЕҰ-дан 38 өтінім жіберілетін болады:
| пп № | № тақырыптар | Тақырып атауы | Өтінімдер саны |
| 1. | 8 | Жастар арасында мемлекеттік тілді дәріптеу бойынша іс-шаралар өткізу | 4 |
| 2. | 12 | Өмірлік қиын жағдайда жүрген балалары бар отбасыларды қолдау жөніндегі шаралар кешенін әзірлеу және іске асыру | 8 |
| 3. | 17 | Арнайы исламдық Интернет-порталдың тиімді жұмыс істеуін қамтамасыз ету “Каzislam.kz» | 5 |
| 4. | 1 | «Қайырымды істер марафоны» жобасы | 7 |
| 5. | 2 | Аға ұрпақты волонтерлік қызметке тарту бойынша “Күміс волонтерлік” жобасы | 9 |
| 6. | 28 | Азаматтық қоғамды дамытудағы диалог алаңдарының рөлі: халықаралық тәжірибе | 5 |
СЗ итог закл 2-2021 (2)
Информация по заявкам 2 конкурса