Гранттардың бірыңғай операторы гранттар ұсыну конкурстарына қатысу үшін өтінімдерді дайындауға арналған әдістемелік ұсынымдарды әзірледі.
Бұл ұсынымдар гранттық конкурстарға қатысуды жоспарлап отырған үкіметтік емес ұйымдарға арналған.
Құжатта ҮЕҰ деректер базасына тіркелу сәтінен бастап өтінімді толтырып, АБҚО-ға тапсыруға дейінгі барлық қадамдар егжей-тегжейлі сипатталған. Негізгі мақсат – үміткерлерге кеңес беру және әдістемелік көмек көрсету, сондай-ақ жиі қойылатын сұрақтарға бірыңғай форматта жауап беру.