Үкіметтік емес ұйымдар үшін мемлекеттік емес грант беруге арналған конкурс шеңберінде хабарландыру талаптарына сәйкестігіне өтінімдерді қарастыру нәтижелерінің ҚОРЫТЫНДЫСЫ

Үкіметтік емес ұйымдар үшін мемлекеттік емес грант беруге арналған конкурс шеңберінде хабарландыру талаптарына сәйкестігіне өтінімдерді қарастыру нәтижелерінің

ҚОРЫТЫНДЫСЫ

Мемлекеттік гранттық қаржыландыру жөніндегі жобалық кеңсе «Азаматтық бастамаларды қолдау орталығы» КЕАҚ (бұдан әрі – Орталық) 2021 жылғы 18 қазанда жарияланған үкіметтік емес ұйымдарға (бұдан әрі – ҮЕҰ) арналған «Зерттеу журналистикасын дамыту бойынша БАҚ жас қызметкерлеріне арналған гранттық бағдарлама» тақырыбындағы мемлекеттік емес грант беруге арналған конкурстың нәтижелері бойынша 16 ҮЕҰ – дан  16 өтінім, оның ішінде мемлекеттік тілде – 4 ҮЕҰ-дан 4 өтінім, орыс тілінде – 12 ҮЕҰ-дан 12 өтінім келіп түскенін хабарлайды.

Өтінімдерді қабылдау 2021 жылғы 27 қазанда Нұр-Сұлтан қ.уақытымен сағат 18-00-де аяқталды.

Ағымдағы жылғы 04 қарашасында өтінімдердің хабарландыруда көрсетілген талаптар мен шарттарға, оның ішінде тақырыпқа, мақсатқа, міндеттерге, іске асыру мерзіміне, қамтитын аумағына, бөлінген қаражат көлеміне, жобаны іске асырудан күтілетін нәтижеге сәйкестігіне тексеру аяқталды.

Мемлекеттік емес гранттық қаржыландыру бойынша жобалық кеңсенің қызметкерлерімен келесі жұмыстар жүргізілді:

1) өтінімдердің хабарландыруда көрсетілген талаптар мен шарттарға, оның ішінде тақырыпқа, мақсатқа, міндеттерге, іске асыру мерзіміне, қамтитын аумағына, бөлінген қаражат көлеміне, жобаны іске асырудан күтілетін нәтижеге сәйкестігіне қарастыру;

2) ҮЕҰ дерекқорында мәліметтердің болуын тексеру.

Хабарландыру талаптары мен шарттарына сәйкестігіне тексеруден өткен өтінімдер конкурстық комиссия мүшелеріне бағалау жүргізуге жіберілетін болады.

Хабарландырудың 2-тармағына сәйкес мынадай жағдайларда Орталық конкурсқа қатысудан бас тартады және өтініш берушіге тиісті хабарлама жібереді:

  • Өтінім хабарландыруда көрсетілген талаптар мен шарттарға, яғни, тақырыбы, мақсаты, міндеттері, іске асыру мерзімі, қамтитын аумағы, бөлінген қаражат көлемі, іске асырудан күтілетін нәтижесі сәйкес келмесе;
  • Заңның 6-1-бабының 3-тармағы бойынша Үкіметтік емес ұйымдардың дерекқорында өтініш беруші туралы мәліметтер болмаса.

Жоғарыда айтылғандарға байланысты келесі мәселені қарастыруды сұраймын:

  • Хабарландырудың талаптары мен шарттарына сәйкес келмеуіне байланысты төмендегі өтініш берушілерге мемлекеттік емес грант беру конкурсына қатысудан бас тарту туралы:
№ р/нтақырыпТақырыбыҮЕҰ атауыАнықталған сәйкессіздіктерЕскертпе
Хабарландырудың 2-тармағы (өтінімнің тақырыпқа, мақсатқа, міндеттерге, іске асыру мерзіміне, аумақтық қамтылуына, бөлінген қаражат көлеміне, жобаны іске асырудан күтілетін нәтижеге сәйкес келмеуі)
    1.1Зерттеу журналистикасын дамыту бойынша БАҚ жас қызметкерлеріне арналған гранттық бағдарлама» шағын гранттар жобасыОФ “Совет ветеранов ВОВ, тружеников тыла и детей войны” г.АлматыӨтінімнің қамтитын аумаққа сәйкес келмеуі 
    2.1Зерттеу журналистикасын дамыту бойынша БАҚ жас қызметкерлеріне арналған гранттық бағдарламаОФ “Совет ветеранов ВОВ, тружеников тыла и детей войны” Жамбылской областиӨтінімнің қамтитын аумаққа сәйкес келмеуі 
    3.1Зерттеу журналистикасын дамыту бойынша БАҚ жас қызметкерлеріне арналған гранттық бағдарлама“Шымкент қайырымды қала” әлеуметтік корпоративтік қорыӨтінімнің қамтитын аумаққа сәйкес келмеуі 

Осылайша, барлық рәсімдерді аяқтау нәтижелері бойынша конкурстық комиссия мүшелерінің қарауына 13 ҮЕҰ-дан 13 өтінім, оның ішінде мемлекеттік тілде 3 ҮЕҰ-дан 3 өтінім жіберіледі:

№р/нтақырыпТақырып атауыӨтінімдер саны
1.1Зерттеу журналистикасын дамыту бойынша БАҚ жас қызметкерлеріне арналған гранттық бағдарлама13

Мемлекеттік гранттық қаржыландыру

бойынша жобалық кеңсенің директоры                                                 Бесимбиев Ж.

Документы