Қағидаларда көзделген талаптарға және Маңғыстау облысы білім басқармасының мемлекеттік гранттардың басым бағыттарының бекітілген тізбесінің сәйкестігіне өтінімдерді қарау нәтижелері бойынша қорытынды

Қағидаларда көзделген талаптарға және Маңғыстау облысы білім басқармасының мемлекеттік гранттардың басым бағыттарының бекітілген тізбесінің сәйкестігіне өтінімдерді қарау нәтижелері бойынша қорытынды

Жобаларды басқару департаменті 2023 жылғы 27 қаңтарда «Азаматтық бастамаларды қолдау орталығы» КЕАҚ (бұдан әрі – Оператор) жариялаған Маңғыстау облысының білім  басқармасының (бұдан әрі – ҮЕҰ)  мемлекеттік гранттар беру конкурсының нәтижелері бойынша 23 ҮЕҰ-дан 25 өтінім түскенін хабарлайды, оның ішінде мемлекеттік тілде – 14 ҮЕҰ-дан 15 өтінім, орыс тілінде – 9 ҮЕҰ-дан 10 өтінім. 

Өтінімдерді қабылдау 2023 жылғы 16 ақпанда Астана қ. уақыты бойынша сағат 18-30-да аяқталды. А.ж. 23 ақпанында Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрінің 2022 жылғы 26 қыркүйектегі №406 бұйрығымен бекітілген мемлекеттік гранттарды қалыптастыру, ұсыну, мониторингілеу және олардың тиімділігін бағалау қағидаларының талаптарына және мемлекеттік гранттардың басым бағыттарының бекітілген тізбесінің сәйкестігіне өтінімдерді тексеру аяқталды, оның ішінде:

  1. өтінім осы Қағидалардың талаптарына сәйкес келмеген жағдайда;
  2. өтінім мемлекеттік гранттардың басым бағыттарының бекітілген тізбесіне сәйкес келмегенде;
  3. өтініш берушінің жарғылық мақсаты мемлекеттік гранттың басым бағытына сәйкес келмегенде;
  4. Заңның 6-1-бабының 4-тармағына сәйкес Үкіметтік емес ұйымдардың дерекқорында өтініш беруші туралы мәліметтер болмағанда;
  5. егер өтініш беруші тарату процесінде болса;
  6. егер өтініш беруші банкрот деп танылса;
  7. егер өтініш берушінің атқарушылық іс жүргізу бойынша берешегі бар болса;
  8. егер өтініш беруші мемлекеттік сатып алуға жосықсыз қатысушылардың тізілімінде тұрса;
  9. егер өтініш берушінің мүлкіне тыйым салынса;
  • егер өтініш берушінің экономикалық қызметі тоқтатыла тұрған болса;
  • егер өтініш берушінің басшылары, құрылтайшылары мемлекеттік органның және (немесе) оператордың уәкілетті адамдарының жұбайы (зайыбы), жақын туыстары, жекжаттары болып табылса;
  • егер өтініш берушінің басшылары, құрылтайшылары террористік әрекетке қатысы бар адамдардың тізіміне, сондай-ақ жаппай қырып-жою қаруын таратуды қаржыландырумен байланысты ұйымдар мен адамдардың тізбесіне және (немесе) терроризмді және экстремизмді қаржыландырумен байланысты ұйымдар мен адамдардың тізбесіне енгізілген болса.

Конкурсқа қатысуға жіберілген Қағидалардың 40-тармағына сәйкес өтінімдер сараптамалық бағалауға жіберілетін болады.Конкурсқа қатысуға жіберілген үкіметтік емес ұйымдардың өтінімдерін бағалауды және грант алушыларды айқындауды сараптау комиссиясы жүзеге асырады.

Өтінішті қарау нәтижелері бойынша оператор шешім қабылдады:

1) мемлекеттік грант беру конкурсына қатысуға рұқсат беру туралы:

ОблысыМемлекеттік гранттың басым бағытыІске асыру мерзіміҰйымның атауы
1Білім беру, ғылым, ақпарат, дене шынықтыру және спорт саласындағы мақсаттарға қол жеткізуБілім алушыларға (мектептің 9-11 сынып оқушылары мен колледждердің студенттері) әскери-патриоттық тәрбие беруқысқа мерзімдіАктауское городское  общественное объединение ветеранов войны в Афганистане «Боевое братство»
2Өскелең ұрпақты ұлттық дәстүрлерге тәрбиелеуқысқа мерзімді«Айрық» қоғамдық қоры
3қысқа мерзімдіРегиональное ОО «Сергали-Туркестан»
4қысқа мерзімдіОФ «Саламатты Ел»
5Бәсекеге қабілетті кадрларды сапалы  даярлауды қамтамасыз етуқысқа мерзімдіMOO Tupkaragan zhastari
6қысқа мерзімді“Риз ана” қоғамдық қоры
7Жас мамандарды жобаларды басқаруға үйретуқысқа мерзімдіОЮЛ «Казахстанская Ассоциация Даму»
8қысқа мерзімді«7 жұрт» қоғамдық бірлестігі
9Жасөспірімдердің қоршаған ортаны қорғаудағы, пайдаланудағы шығармашылық және зияткерлік әлеуметтің төмендегінің алдын алуқысқа мерзімдіНеправительственное учреждение «Эко Мангистау
10қысқа мерзімдіМОФ Хазірет
11қысқа мерзімді«Табиги орта»
12қысқа мерзімдіҚоғамдық қор  «Маңғыстау Әуені»
13қысқа мерзімдіОО «АСЕР»
14Жасөспірімдер арасында өзіне-өзі қол жұмсаудың алдын алуқысқа мерзімді“Жалын PRO” қоғамдық бірлестігі
15қысқа мерзімді«Қолдау» орталығы» жеке меншік мекемесі
16қысқа мерзімді“Көмек командасы” қоғамдық қоры
17қысқа мерзімдіРегиональное ОО «Сергали-Туркестан»
18Ерекше білім беруге қажеттілігі бар балаларға жағдай жасауқысқа мерзімдіОФ «Өркениетті келешек»
19қысқа мерзімді«Қолдау» орталығы» жеке меншік мекемесі
20қысқа мерзімдіОбщественный фонд «Луара»

2) төмендегі өтініш берушілерге мемлекеттік грант беруге арналған конкурсқа қатысудан бас тарту туралы (барлық өтініш берушілерге бас тарту себептерін негіздей отырып, тиісті хабарламалар жіберілді):

ОблысыМемлекеттік гранттың басым бағытыІске асыру мерзіміҰйымның атауы
1Білім беру, ғылым, ақпарат, дене шынықтыру және спорт саласындағы мақсаттарға қол жеткізуӨскелең ұрпақты ұлттық дәстүрлерге тәрбиелеуқысқа мерзімдіФонд «Байшешек»
2Жасөспірімдер арасында өзіне-өзі қол жұмсаудың алдын алуқысқа мерзімді“ӨркенӨнеге” қоғамдық қоры
3Жас мамандарды жобаларды басқаруға үйретуқысқа мерзімдіОбъединение юридических лиц в форме ассоциации «Гражданский Альянс Мангистауской области по вопросам развития общества»
4қысқа мерзімдіОФ “Логос Атырау”
5Ерекше білім беруге қажеттілігі бар балаларға жағдай жасауқысқа мерзімді«Ой-сана» психологтер қоғамдық бірлестігі

«Азаматтық бастамаларды қолдау орталығы» КЕАҚ

Документы