Қағидаларда көзделген талаптарға және мемлекеттік гранттардың басым бағыттарының бекітілген тізбесінің сәйкестігіне өтінімдерді қарау нәтижелері бойынша қорытынды

Қағидаларда көзделген талаптарға және мемлекеттік гранттардың басым бағыттарының бекітілген тізбесінің сәйкестігіне өтінімдерді қарау нәтижелері бойынша қорытынды

Жобаларды басқару департаменті осымен Қазақстан Республикасы Ақпарат және әлеуметтік даму министрлігі үкіметтік емес ұйымдарға (бұдан әрі – ҮЕҰ) 2023 жылға арналған мемлекеттік гранттар беру конкурсының қорытындысы бойынша «Азаматтық бастамаларды қолдау орталығы» КЕАҚ (бұдан әрі – Оператор) 2023 жылғы 9 ақпанда 13 ҮЕҰ-дан 13 өтініш, оның ішінде мемлекеттік тілінде 2 ҮЕҰ-дан 11 өтініш орыс тілінде 11 ҮЕҰ-дан 11 өтініш түсті.

Өтінімдерді қабылдау 2023 жылғы 1 наурызда Астана қ. уақыты бойынша сағат 18-30-да аяқталды.

А.ж. 9 наурызда Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрінің 2022 жылғы 26 қыркүйектегі №406 бұйрығымен бекітілген мемлекеттік гранттарды қалыптастыру, ұсыну, мониторингілеу және олардың тиімділігін бағалау қағидаларының талаптарына және мемлекеттік гранттардың басым бағыттарының бекітілген тізбесінің сәйкестігіне өтінімдерді тексеру аяқталды, оның ішінде:

  1. өтінім осы Қағидалардың талаптарына сәйкес келмеген жағдайда;
  2. өтінім мемлекеттік гранттардың басым бағыттарының бекітілген тізбесіне сәйкес келмегенде;
  3. өтініш берушінің жарғылық мақсаты мемлекеттік гранттың басым бағытына сәйкес келмегенде;
  4. Заңның 6-1-бабының 4-тармағына сәйкес Үкіметтік емес ұйымдардың дерекқорында өтініш беруші туралы мәліметтер болмағанда;
  5. егер өтініш беруші тарату процесінде болса;
  6. егер өтініш беруші банкрот деп танылса;
  7. егер өтініш берушінің атқарушылық іс жүргізу бойынша берешегі бар болса;
  8. егер өтініш беруші мемлекеттік сатып алуға жосықсыз қатысушылардың тізілімінде тұрса;
  9. егер өтініш берушінің мүлкіне тыйым салынса;
  10. егер өтініш берушінің экономикалық қызметі тоқтатыла тұрған болса;
  11. егер өтініш берушінің басшылары, құрылтайшылары мемлекеттік органның және (немесе) оператордың уәкілетті адамдарының жұбайы (зайыбы), жақын туыстары, жекжаттары болып табылса;
  12. егер өтініш берушінің басшылары, құрылтайшылары террористік әрекетке қатысы бар адамдардың тізіміне, сондай-ақ жаппай қырып-жою қаруын таратуды қаржыландырумен байланысты ұйымдар мен адамдардың тізбесіне және (немесе) терроризмді және экстремизмді қаржыландырумен байланысты ұйымдар мен адамдардың тізбесіне енгізілген болса.

Конкурсқа қатысуға жіберілген Қағидалардың 40-тармағына сәйкес өтінімдер сараптамалық бағалауға жіберілетін болады.Конкурсқа қатысуға жіберілген үкіметтік емес ұйымдардың өтінімдерін бағалауды және грант алушыларды айқындауды сараптау комиссиясы жүзеге асырады.

Өтінішті қарау нәтижелері бойынша оператор шешім қабылдады:

1) мемлекеттік грант беру конкурсына қатысуға рұқсат беру туралы:

Мемлекеттік грант саласыМемлекеттік гранттың басым бағытыІске асыру мерзіміҰйымның атауы
1Білім, ғылым, ақпарат, дене шынықтыру және спорт саласындағы мақсаттарға қол жеткізуХалықтың әртүрлі топтарын цифрлық, қаржылық, тілдік, компьютерлік сауаттылыққа оқытуда волонтерлік көмек көрсету бойынша «Birgemiz: Bilim» жалпыұлттық жобасын іске асыруОрта мерзімдіОбщественный Фонд «DEMEU-K3»
2Орта мерзімдіМолодежная общественная организация «Союз молодежи «VECTOR»
3Орта мерзімдіМолодежное общественное объединение Сорочинского сельского округа «РАУАН»
4Орта мерзімдіОбластное общественное объединение инвалидов «Афина»
5Орта мерзімді«Шабыт» қоғамдық бірлестігі
6Орта мерзімдіОбщественный Фонд «Светское современное поколение»
7Орта мерзімдіРеспубликанское общественное объединение «Единая детско-юношеская организация «Жас Ұлан»
8Орта мерзімдіОбщественного объединение «Эра-KZ»
9Орта мерзімдіОбщественное Объединение «Общество Инвалидов «Мархабат.KZ»
10Орта мерзімдіЧастный Благотворительный Фонд «Жаңа Дүние»
11Орта мерзімдіВосточно-Казахстанское областное молодежное общественное объединение «Салауат»
12Орта мерзімдіОбщественное объединение Социально-волонтёрский центр «Дос.kz»

2) төмендегі өтініш берушілерге мемлекеттік грант беруге арналған конкурсқа қатысудан бас тарту туралы (барлық өтініш берушілерге бас тарту себептерін негіздей отырып, тиісті хабарламалар жіберілді):

Мемлекеттік грант саласыМемлекеттік гранттың басым бағытыІске асыру мерзіміҰйымның атауы
1Білім, ғылым, ақпарат, дене шынықтыру және спорт саласындағы мақсаттарға қол жеткізуХалықтың әртүрлі топтарын цифрлық, қаржылық, тілдік, компьютерлік сауаттылыққа оқытуда волонтерлік көмек көрсету бойынша «Birgemiz: Bilim» жалпыұлттық жобасын іске асыруОрта мерзімдіҚұлсары жастары

«Азаматтық бастамаларды қолдау орталығы» КЕАҚ

Документы