Қағидаларда көзделген талаптарға және Маңғыстау облысы денсаулық сақтау басқармасының Мемлекеттік гранттардың басым бағыттарының бекітілген тізбесіне сәйкес өтінімдерді қарау нәтижелері бойынша қорытынды

Қағидаларда көзделген талаптарға және Маңғыстау облысы денсаулық сақтау басқармасының Мемлекеттік гранттардың басым бағыттарының бекітілген тізбесіне сәйкес өтінімдерді қарау нәтижелері бойынша қорытынды

Жобаларды басқару департаменті 2023 жылғы 08 ақпан «Азаматтық бастамаларды қолдау орталығы» КЕАҚ (бұдан әрі – Оператор) жариялаған Маңғыстау облысы денсаулық сақтау басқармасының (бұдан әрі – ҮЕҰ) 2023 жылға арналған мемлекеттік гранттар беру конкурсының нәтижелері бойынша 11 ҮЕҰ-дан 15 өтінім түскенін хабарлайды, оның ішінде мемлекеттік тілде – 4 ҮЕҰ-дан 4 өтінім, орыс тілінде 11 ҮЕҰ-дан 7 өтінім. 

Өтінімдерді қабылдау 2023 жылғы 28 ақпанда Астана қ. уақыты бойынша сағат 18-30-да аяқталды.

А.ж. 13 наурыз Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрінің 2022 жылғы 26 қыркүйектегі №406 бұйрығымен бекітілген мемлекеттік гранттарды қалыптастыру, ұсыну, мониторингілеу және олардың тиімділігін бағалау қағидаларының талаптарына және мемлекеттік гранттардың басым бағыттарының бекітілген тізбесінің сәйкестігіне өтінімдерді тексеру аяқталды, оның ішінде:

  • өтінім мемлекеттік гранттардың басым бағыттарының бекітілген тізбесіне сәйкес келмегенде;
  • өтініш берушінің жарғылық мақсаты мемлекеттік гранттың басым бағытына сәйкес келмегенде;
  • Заңның 6-1-бабының 4-тармағына сәйкес Үкіметтік емес ұйымдардың дерекқорында өтініш беруші туралы мәліметтер болмағанда;
  • егер өтініш беруші тарату процесінде болса;
  • егер өтініш беруші банкрот деп танылса;
  • егер өтініш берушінің атқарушылық іс жүргізу бойынша берешегі бар болса;
  • егер өтініш беруші мемлекеттік сатып алуға жосықсыз қатысушылардың тізілімінде тұрса;
  • егер өтініш берушінің мүлкіне тыйым салынса;
  • егер өтініш берушінің экономикалық қызметі тоқтатыла тұрған болса;
  • егер өтініш берушінің басшылары, құрылтайшылары мемлекеттік органның және (немесе) оператордың уәкілетті адамдарының жұбайы (зайыбы), жақын туыстары, жекжаттары болып табылса;
  • егер өтініш берушінің басшылары, құрылтайшылары террористік әрекетке қатысы бар адамдардың тізіміне, сондай-ақ жаппай қырып-жою қаруын таратуды қаржыландырумен байланысты ұйымдар мен адамдардың тізбесіне және (немесе) терроризмді және экстремизмді қаржыландырумен байланысты ұйымдар мен адамдардың тізбесіне енгізілген болса.

Конкурсқа қатысуға жіберілген өтінімдер Қағидалардың 40-тармағына сәйкес сараптамалық бағалауға жіберілетін болады.

Конкурсқа қатысуға жіберілген үкіметтік емес ұйымдардың өтінімдерін бағалау және грант алушыларды айқындауды сараптау комиссиясы жүзеге асырады.

Өтінішті қарау нәтижелері бойынша оператор шешім қабылдады:

1) мемлекеттік грант беру конкурсына қатысуға рұқсат беру туралы:

Мемлекеттік грант саласыБасым бағытІске асыру мерзіміҰйымның атауы
1Мемлекеттік қызметтер көрсету сапасына қоғамдық мониторинг жүргізуМаңғыстау облысы бойынша медициналық қызметтер сапасының қоғамдық мониторингін ұйымдастыруқысқа мерзімді«Институт общественного здравоохранения» ЖММ
2қысқа мерзімді«GUMOL» СТРАТЕГИЯЛЫҚ ЗЕРТТЕУ ОРТАЛЫҒЫ» КОММЕРЦИЯЛЫҚ ЕМЕС МЕКЕМЕСІ
3қысқа мерзімді«PRO DIALOG» ҚБ
4Азаматтардың денсаулығын сақтау, салауатты өмір салтын насихаттауЖастар мен жасөспірімдер арасында АҚТҚ инфекциясының және ЖҚТБ-ның алдын алуқысқа мерзімді«Институт общественного здравоохранения» ЖММ
5қысқа мерзімді«АСЕР» ҚБ
6қысқа мерзімді«Көмек командасы» ҚҚ
7қысқа мерзімді«Бала жолы» ҚҚ
8Жастар мен жасөспірімдер арасындағы ерте жүктіліктің алдын алуқысқа мерзімді«Институт общественного здравоохранения» ЖММ
9қысқа мерзімді«PRO DIALOG» ҚБ
10қысқа мерзімді«Сергали-Туркестан» РҚБ
11қысқа мерзімді«Көмек командасы» ҚҚ
12қысқа мерзімдіОФ «Саламатты Ел»

2) төмендегі өтініш берушілерге мемлекеттік грант беру конкурсы қатысудан бас тарту туралы (барлық өтініш берушілерге бас тарту себептерін негіздей отырып, тиісті хабарламалар жіберілді):

Мемлекеттік грант саласыБасым бағытІске асыру мерзіміҰйымның атауы
1Мемлекеттік қызметтер көрсету сапасына қоғамдық мониторинг жүргізуМаңғыстау облысы бойынша медициналық қызметтер сапасының қоғамдық мониторингін ұйымдастыруқысқа мерзімді«Маңғыстау облыстық тұтынушылар құқығын қорғау қоғамы» ҚБ
2Азаматтардың денсаулығын сақтау, салауатты өмір салтын насихаттауЖастар мен жасөспірімдер арасындағы ерте жүктіліктің алдын алуқысқа мерзімді«ӨркенӨнеге» ҚБ
3қысқа мерзімді«Байшешек» Қоры

Документы