Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігінің тапсырысы бойынша сараптамалық комиссия отырысының 13.05.2025 жылғы №17 хаттамасы

«Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігі» ММ министрінің «Үкіметтік емес ұйымдарға берілетін мемлекеттік гранттардың басым бағыттарының 2025 жылға арналған тізбесін бекіту туралы» 2025 жылғы «11» ақпандағы №58-НҚ бұйрығымен бекітілген 2025 жылғы «11» наурызда жарияланған конкурс шеңберінде Грант алушыларды іріктеу мақсатында «Халықтың әлеуметтік тұрғыдан осал топтарын қолдау» саласы бойынша өтінімдерді тәуелсіз бағалау нәтижелері бойынша сараптамалық комиссия отырысының

№ 17 ХАТТАМАСЫ

Астана қ.                                                                                                2025 жылғы «13» мамыр

Отырысқа қатысқандар:

ТАӘҚатысу туралы мәліметтер
1.Карабекова Роза АгабековнаZOOM арқылы қашықтан қатысты
2.Джакипбаева Назира АбдрахмановнаZOOM арқылы қашықтан қатысты
3.Саранова Данара Юрьевна        ZOOM арқылы қашықтан қатысты
4.Абилова Гульнара БарлыковнаZOOM арқылы қашықтан қатысты
5.Мухтурова Асемгуль Ерсиновна         ZOOM арқылы қашықтан қатысты

Шешімдер қабылдау үшін кворумның болуы туралы мәліметтер (сараптама комиссиясы мүшелерінің жалпы санының кемінде үштен екісі): бар.

Әрбір өтінімге Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрінің 2022 жылғы 26 қыркүйектегі № 406 бұйрығымен бекітілген Мемлекеттік гранттарды қалыптастыру, беру, мониторингтеу және олардың тиімділігін бағалау қағидаларының (бұдан әрі – Қағидалар) 8-қосымшасында бекітілген көрсеткіштер бойынша балдар берілді.

Күн тәртібі:

  1. Сараптама комиссиясының төрағасын сайлау.
  2. Сараптама комиссиясының әрбір мүшесіне бағалау жүргізу үшін берілген өтінімдер санын айқындау.
  3. Үкіметтік емес ұйымдарға (бұдан әрі – ҮЕҰ) мемлекеттік гранттар беруге арналған конкурс шеңберінде өтінімдерге тәуелсіз бағалау жүргізу нәтижелері бойынша Грант алушыларды айқындау.

Күн тәртібінің бірінші мәселесі бойынша:

Сараптама комиссиясының қатысып отырған мүшелері барлық кандидатураларды қарап, Сараптама комиссиясының Төрағасы ретінде Гульнара Барлыковна Абилованы сайлауға шешім қабылдады.

Күн тәртібінің екінші мәселесі бойынша:

Гранттар беру бағыттары бойынша үлестіруге сәйкес сараптама комиссиясының әрбір мүшесіне бағалау жүргізу үшін берілген өтінімдер саны мынадай:

Сапаршының аты-жөніБағалау жүргізу үшін берілген өтінімдер саныКонкурстық комиссияның отырысында қосымша бағалау жүргізу үшін берілген өтінімдер саныБағалау жүргізілген өтінімдердің жалпы саны
1.Карабекова Роза Агабековна10010
2.Джакипбаева Назира Абдрахмановна10010
3.Саранова Данара Юрьевна10010
4.Абилова Гульнара Барлыковна10010
5.Мухтурова Асемгуль Ерсиновна10010

Екінші сұрақ бойынша шешім: Бағалау жүргізілген өтінімдердің жалпы саны 10 өтінім құрайды.

Күн тәртібінің үшінші мәселесі бойынша:

Грант алушыларды іріктеу мақсатында өтінімдерге тәуелсіз бағалау жүргізу жөніндегі 5 адамнан тұратын сараптамалық комиссия 10 ҮЕҰ-нан түскен 10 өтінімге тәуелсіз сараптама жүргізді.

Өтінімдер сараптамалық комиссияның әрбір мүшесіне дербес қолжетімділікті ұсына отырып, бұлтты сақтау арқылы жіберілді.

Сараптама комиссиясы мүшелерінің әрбір жобаға түсініктемелері сараптама комиссиясы мүшелерінің бағалау парақтарында көрсетіледі.

Сарапшылар бағалау парақтарында әрбір өтінім бойынша Қағидалардың                        8-қосымшасына сәйкес балдар береді.

1-кесте

Басым бағыттың атауыІске асырылу мерзіміГрант сомасы (мын тенге)Өтінім берушіКарабекова Роза АгабековнаДжакипбаева Назира АбдрахмановнаСаранова Данара ЮрьевнаАбилова Гульнара БарлыковнаМухтурова Асемгуль ЕрсиновнаБарлығы
Инклюзивті қоғамды дамытуорта мерзімді2025 жыл – 30 886 мың тг. 2026 жыл – 30 886 мың тг.Ақтөбе қаласындағы «Ерекше балалардың ата-аналар одағы» республикалық қоғамдық бірлестігінің филиалы6846181657205
«ITeachMe» құзыреттерді дамыту орталығы» қоғамдық қоры6357615172304
«Эра-KZ» республикалық қоғамдық бірлестігі7360606672331
  «ТМД-да білім беруді ілгерілету жөніндегі халықаралық қор» қоғамдық қоры7052365572285
  «Солидарность» әлеуметтік даму қоры» қоғамдық қоры6355214272253
  «Игі жастар» қоғамдық қоры5433224357209
  «Қорған-М» республикалық қоғамдық бірлестігі5858425272282
  «Ана мектебі» қоғамдық қоры5440706873305
  «Рух жаңғырығы» қоғамдық қоры6943735672313
  «Азамат әлеуеті» жеке қайырымдылық қоры6930755972305

Үшінші мәселе бойынша шешім: Өтінімдерді тәуелсіз бағалауды жүргізу нәтижелері бойынша және сараптама комиссиясының дауыс беруі арқылы мынадай үкіметтік емес ұйым жеңімпаз болып анықталды:

Басым бағыттың атауыІске асырылу мерзіміҮЕҰ атауыЖалпы балл
1.Инклюзивті қоғамды дамытуорта мерзімді«Эра-KZ» республикалық қоғамдық бірлестігі331

Сараптама комиссиясының төрағасы  ________________  Абилова Г.Б.

Документы