Маңғыстау облысының жастар саясаты мәселелері жөніндегі басқармасының тапсырысы бойынша сараптамалық комиссия отырысының 10.06.2025 жылғы №32 хаттамасы

«Маңғыстау облысының Жастар саясаты мәселелері жөніндегі басқармасы» ММ басшысының «Үкіметтік емес ұйымдарға берілетін мемлекеттік гранттардың басым бағыттарының 2025 жылға арналған тізбесін бекіту туралы» 2025 жылғы «14» сәуірдегі № 02-03/23 бұйрығымен бекітілген 2025 жылғы 17 сәуірде жариялаған конкурс шеңберінде Грант алушыларды іріктеу мақсатында «Волонтерлік бастамаларды дамыту және қолдау» саласы бойынша өтінімдерді тәуелсіз бағалау нәтижелері бойынша сараптамалық комиссия отырысының

№ 32 ХАТТАМАСЫ

Астана қ.                                                                                                         2025 жылғы «10» маусым

Отырысқа қатысқандар:

ТАӘҚатысу туралы мәліметтер
1.Аширова Асем МустапиевнаZOOM арқылы қашықтан қатысты
2.Тұрар Інжу РахметқызыҚатысқан жоқ
3.Мамутова Орункуль РзабековнаZOOM арқылы қашықтан қатысты
4.Джангалиева Марьяна КазбековнаZOOM арқылы қашықтан қатысты
5.Кеңшілік Сабыржан БауыржанұлыҚатысқан жоқ

Шешімдер қабылдау үшін кворумның болуы туралы мәліметтер (сараптама комиссиясы мүшелерінің жалпы санының кемінде үштен екісі): бар.

Әрбір өтінімге Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрінің 2022 жылғы 26 қыркүйектегі № 406 бұйрығымен бекітілген Мемлекеттік гранттарды қалыптастыру, беру, мониторингтеу және олардың тиімділігін бағалау қағидаларының (бұдан әрі – Қағидалар) 8-қосымшасында бекітілген көрсеткіштер бойынша балдар берілді.

 Күн тәртібі:

  1. Сараптама комиссиясының төрағасын сайлау.
  2. Сараптама комиссиясының әрбір мүшесіне бағалау жүргізу үшін берілген өтінімдер санын айқындау.
  3. Үкіметтік емес ұйымдарға (бұдан әрі – ҮЕҰ) мемлекеттік гранттар беруге арналған конкурс шеңберінде өтінімдерге тәуелсіз бағалау жүргізу нәтижелері бойынша Грант алушыларды айқындау.

Күн тәртібінің бірінші мәселесі бойынша:

 Сараптама комиссиясының қатысып отырған мүшелері барлық кандидатураларды қарап, Сараптама комиссиясының Төрағасы ретінде Асем Мустапиевна Ашированы сайлауға шешім қабылдады.

 Күн тәртібінің екінші мәселесі бойынша:

Гранттар беру бағыттары бойынша үлестіруге сәйкес сараптама комиссиясының әрбір мүшесіне бағалау жүргізу үшін берілген өтінімдер саны мынадай:

Сапаршының аты-жөніБағалау жүргізу үшін берілген өтінімдер саныКонкурстық комиссияның отырысында қосымша бағалау жүргізу үшін берілген өтінімдер саныБағалау жүргізілген өтінімдердің жалпы саны
1.Аширова Асем Мустапиевна707
2.Тұрар Інжу Рахметқызы707
3.Мамутова Орункуль Рзабековна707
4.Джангалиева Марьяна Казбековна707
5.Кеңшілік Сабыржан Бауыржанұлы707

Екінші сұрақ бойынша шешім: Бағалау жүргізілген өтінімдердің жалпы саны өтінімді құрайды.

Күн тәртібінің үшінші мәселесі бойынша:

Грант алушыларды іріктеу мақсатында өтінімдерге тәуелсіз бағалау жүргізу жөніндегі 5 адамнан тұратын сараптамалық комиссия 7 ҮЕҰ-нан түскен 7 өтінімге тәуелсіз сараптама жүргізді.

Өтінімдер сараптамалық комиссияның әрбір мүшесіне дербес қолжетімділікті ұсына отырып, бұлтты сақтау арқылы жіберілді.

Сараптама комиссиясы мүшелерінің әрбір жобаға түсініктемелері сараптама комиссиясы мүшелерінің бағалау парақтарында көрсетіледі.

Сарапшылар бағалау парақтарында әрбір өтінім бойынша Қағидалардың 8-қосымшасына сәйкес балдар береді.

1-кесте

Басым бағыттың атауы направленияІске асырылу мерзіміГрант сомасы (мын тенге)Өтінім берушіАширова Асем МустапиевнаТұрар Інжу РахметқызыМамутова Орункуль РзабековнаДжангалиева Марьяна КазбековнаКеңшілік Сабыржан БауыржанұлыБарлығы
Маңғыстау облысындағы волонтерлік қозғалысты дамытуқысқа мерзімді11 230,5«Жасыл ел» жастар еңбек отрядтарының республикалық штабы» жеке мекемесі3939393936192
«Көмек-Шипа» жеке меншік мекемесі2626262620124
«ЭкоМаңғыстау» үкіметтік емес мекемесі3441414140197
«Жас Ұлан» бірыңғай балалар-жасөспірімдер ұйымы» республикалық қоғамдық бірлестігі3640403644196
«Рух жаңғырығы» қоғамдық қоры3439393943194
«Рухтан» қоғамдық қоры4343434328200
«Астана студенттер Альянсы» корпоративтік қоры2424242417113

Үшінші мәселе бойынша шешім: Өтінімдерді тәуелсіз бағалауды жүргізу нәтижелері бойынша және сараптама комиссиясының дауыс беруі арқылы мынадай үкіметтік емес ұйым жеңімпаз болып анықталды:

Басым бағыттың атауыІске асырылу мерзіміҮЕҰ атауыЖалпы балл
1.Маңғыстау облысындағы волонтерлік қозғалысты дамытуқысқа мерзімді«Рухтан» қоғамдық қоры200

Сараптама комиссиясының төрағасы  ______________  Аширова А.М.

Документы