Гранттық қаржыландыру шеңберіндегі жобаларды іске асыру қорытындылары бойынша Орталықтың қызметі туралы есептер барлық грант тапсырыс берушілеріне ұсынылады. Бұл есептер ашықтықты қамтамасыз ету, сенімділікті арттыру және іске асырылған бастамалардың тиімділігін бағалау мақсатында әзірленеді.
Орталық мемлекеттік гранттарды іске асыру туралы есепті Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрінің 2015 жылғы 22 желтоқсандағы № 403 бұйрығымен бекітілген «Үкіметтік емес ұйымдардың гранттық қаржыландыру саласындағы оператордың қызмет нәтижелері туралы есеп нысанын бекіту туралы» есеп нысаны бойынша ұсынады.