Өтінімдерді бағалауды жүзеге асыру үшін Гранттардың бірыңғай операторы сарапшылар тізілімін жүргізеді

Мемлекеттік гранттарды қалыптастыру, беру, мониторингілеу және тиімділігін бағалау қағидаларына сәйкес.


Тізілім алдағы 3 күнтізбелік жылға қалыптастырылады.

Сарапшылар тізіліміне енгізу үшін кандидатураларды Қазақстан Республикасының резиденттері болып табылатын жеке және заңды тұлғалар, оның ішінде өзін-өзі ұсыну арқылы ұсынады.

Бір сарапшы келесі салалардың 3 (үш) аспайтын бағыты бойынша кандидат бола алады:

  1. Білім, ғылым, ақпарат, дене шынықтыру және спорт саласындағы мақсаттарға қол жеткізу;
  2. Азаматтардың денсаулығын сақтау, салауатты өмір салтын насихаттау;
  3. Қоршаған ортаны қорғау;
  4. Жастар саясатын және балалар бастамаларын қолдау;
  5. Отбасылық-демографиялық және гендерлік мәселелерді шешуге жәрдемдесу;
  6. Халықтың әлеуметтік осал топтарын қолдау;
  7. Жетім балаларға, толық емес және көп балалы отбасылардан шыққан балаларға көмек көрсету;
  8. Халықты еңбекпен қамтуға жәрдемдесу;
  9. Азаматтар мен ұйымдардың құқықтарын, заңды мүдделерін қорғау;
  10. Мәдениет пен өнерді дамыту;
  11. Тарихи-мәдени мұраны қорғау;
  12. Қоғамдық келісім мен жалпыұлттық бірлікті нығайту;
  13. Пробация қызметтеріне олардың есебінде тұрған адамдарға әлеуметтік-құқықтық көмек көрсету кезінде жәрдемдесу;
  14. Мемлекеттік қызметтер көрсету сапасына қоғамдық мониторинг жүргізу;
  15. Азаматтық қоғамды дамытуға, оның ішінде үкіметтік емес ұйымдар қызметінің тиімділігін арттыруға жәрдемдесу;
  16. Еріктілер бастамаларын дамыту және қолдау.
Кандидаттарға қойылатын талаптар:

  1. Үкіметтік емес ұйымда немесе мемлекеттік қызметте жоғарыда аталған бір немесе бірнеше салада кемінде 5 жыл жұмыс тәжірибесінің және әлеуметтік жобаларды іске асыруға қатысу тәжірибесінің кемінде 2 жылының болуы, немесе әлеуметтік жобаларды бағалау бойынша конкурстық комиссияларға қатысу тәжірибесінің кемінде 2 жылының болуы, немесе әлеуметтік жобалардың нәтижелерін және (немесе) тиімділігін бағалауды жүргізу тәжірибесінің болуы;
  2. Мемлекеттік гранттардың жоғарыда аталған салаларының бірі бойынша кәсіби білімінің болуы.
Ұсыныс жеке немесе заңды тұлғаның немесе оны алмастыратын тұлғаның қолы қойылған еркін нысандағы ресми хатпен келесі құжаттарды қоса жіберіледі:

  • Тізілімге енгізу үшін кандидат туралы мәліметтер (3-нысан);
  • Кандидаттың жоғарыда аталған бір немесе бірнеше саладағы жұмыс тәжірибесін және әлеуметтік жобаларды іске асыруға қатысу тәжірибесін, немесе әлеуметтік жобаларды бағалау бойынша конкурстық комиссияларға қатысу тәжірибесін немесе әлеуметтік жобалардың нәтижелерін және (немесе) тиімділігін бағалауды жүргізу тәжірибесін көрсете отырып, түйіндемесі (4-нысан);
  • Сарапшының мемлекеттік гранттар бағыты бойынша біліктілігін растайтын ұсыныс хаттар, дипломдардың, сертификаттардың көшірмелері (бар болса);
  • Жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі;
  • Сарапшының сараптама комиссиясына қатысуға, сондай-ақ сарапшының дербес деректерін жинауға, өңдеуге, таратуға, оның ішінде жариялауға келісімі туралы өтініші;
  • Оператор платформасы негізінде білім беру модулінен өткені туралы сертификат.
Оператор келесі жағдайларда тізілімге енгізуден бас тартады:

  1. Оператор ұсынылған құжаттарда дұрыс емес ақпаратты анықтағанда;
  2. Кандидаттың белгіленген талаптарға сәйкес келмеуі;
  3. Егер соңғы 3 жыл ішінде сарапшының қызмет көрсету шартының кез келген кезеңінде шарт талаптарын бұзуына байланысты оператормен шарт бұзу фактілері болса.
Сарапшыны тізілімнен шығару оператордың шешімімен жүзеге асырылады:

  1. Сарапшының немесе оның кандидатурасын сарапшылар тізілімінен шығаруға ұсынған жеке және (немесе) заңды тұлғаның өтініші бойынша;
  2. Үкіметтік емес ұйымның мемлекеттік грант алуға өтінімін бағалау кезінде мүдделер қақтығысының болу фактісін растау;
  3. Сарапшының қызмет көрсету шартының талаптарын бұзуы.
Кандидатураны ұсыну үшін

сарапшылар тізіліміне қажетті құжаттарды келесі электрондық поштаға жіберу қажет:

expert@cisc.kz
Кандидатураны ұсыну үшін

сарапшылар тізіліміне қажетті құжаттарды келесі электрондық поштаға жіберу қажет:

№3 нысан

PDF

Жүктеу
№3 нысан

PDF

Жүктеу