Қағидаларда көзделген талаптарға және Маңғыстау облысының кәсіпкерлік және сауда басқармасының мемлекеттік гранттарының басым бағыттарының бекітілген тізбесіне сәйкес өтінімдерді қарау нәтижелері бойынша қорытынды

Қағидаларда көзделген талаптарға және Маңғыстау облысының кәсіпкерлік және сауда басқармасының мемлекеттік гранттарының басым бағыттарының бекітілген тізбесіне сәйкес өтінімдерді қарау нәтижелері бойынша қорытынды

«Азаматтық бастамаларды қолдау орталығы» КЕАҚ (бұдан әрі-Оператор) 2023 жылғы 7 маусымда жарияланған Маңғыстау облысының кәсіпкеркерлік және сауда басқармасының 2023 жылға арналған қысқа мерзімді мемлекеттік гранттар беруге арналған конкурс нәтижелері бойынша 3 ҮЕҰ-нан 4 өтінім түскенін хабарлайды. Өтінімдерді қабылдау 2023 жылғы 27 маусымда Астана уақытымен 18:30-да аяқталды.

Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрінің 2022 жылғы 26 қыркүйектегі №406 бұйрығымен бекітілген мемлекеттік гранттарды қалыптастыру, ұсыну, мониторингілеу және олардың тиімділігін бағалау қағидаларының талаптарына және «Маңғыстау облысының кәсіпкерлік және сауда басқармасы» ММ басшысының 2023 жылғы 31 мамырдағы № 01-14/24 бұйрығымен бекітілген Үкіметтік емес ұйымдарға мемлекеттік гранттар берудің 2023 жылға арналған басым бағыттарының өтінімдерді тексеру 2023 жылдың 3 шілдесінде аяқталды.
Конкурстың талаптары мен шарттарына сәйкес тексерістен өткен өтінімдерді бағалау мақсатында конкурстық комиссия мүшелеріне жолдау қажет.

Өтінімдерді қарау нәтижелері бойынша оператор шешім қабылдады
Мемлекеттік грант беру конкурсына қатысуға рұқсат беру туралы:

Мемлекеттік грант саласыБасым бағытІске асыру мерзіміҰйымның атауы
1Азаматтық қоғамды дамытуға, оның ішінде үкіметтік емес ұйымдар қызметінің тиімділігін арттыруға жәрдемдесуМаңғыстау облысында әлеуметтік кәсіпкерлікті дамытуҚысқа мерзімді«Риза-ана» қоғамдық қоры
2Азаматтық қоғамды дамытуға, оның ішінде үкіметтік емес ұйымдар қызметінің тиімділігін арттыруға жәрдемдесуАзаматтарды әлеуметтік кәсіпкерлікке баулу мақсатында ақпараттық жұмыс жүргізуҚысқа мерзімді«Риза-ана» қоғамдық қоры
3“Азаматтық қоғамның даму мәселелері жөніндегі Маңғыстау облысының Азаматтық Альянсы” (МОАА)  заңды тұлғалардың қауымдастық нысанындағы бірлестігі
4Азаматтар мен ұйымдардың құқықтарын, заңды мүдделерін қорғауТұтынушылардың құқықтары мен заңды мүдделерінің бұзылуының алдын алуҚысқа мерзімді«Маңғыстау облыстық тұтынушылар құқығын қорғау қоғамы» ҚБ

  «Азаматтық бастамаларды қолдау орталығы»  КЕАҚ                                    

Документы