Жетісу облысының қоғамдық даму басқармасының тапсырысы бойынша сараптамалық комиссия отырысының 09.06.2025 жылғы №31 хаттамасы

«Жетісу облысының Қоғамдық даму басқармасы» ММ басшысының

«Үкіметтік емес ұйымдарға берілетін мемлекеттік гранттардың басым бағыттарының 2025 жылға арналған тізбесін бекіту туралы» 2025 жылғы «13» наурыздағы № 8-н/қ бұйрығымен бекітілген 2025 жылғы 19 наурызда жарияланған конкурс шеңберінде Грант алушыларды іріктеу мақсатында «Отбасылық-демографиялық және гендерлік мәселелерді шешуге жәрдемдесу» саласы бойынша өтінімдерді тәуелсіз бағалау нәтижелеріне қарай сараптамалық комиссияның қайта отырысының

№ 31 ХАТТАМАСЫ

Астана қ.                                                                                                   2025 жылғы «09» маусым

Отырысқа қатысты:

ТАӘҚатысу туралы мәліметтер
1.Асанова Динара КенжебековнаZOOM арқылы қашықтан қатысты
2.Касенов Айбол БатырболұлыҚатысқан жоқ
3.Саранова Данара ЮрьевнаZOOM арқылы қашықтан қатысты
4.Орынбасар Мақсат ЗейнуллаұлыZOOM арқылы қашықтан қатысты
5.Есенбеков Алмат АсхатовичZOOM арқылы қашықтан қатысты

Шешімдер қабылдау үшін кворумның болуы туралы мәліметтер (сараптама комиссиясы мүшелерінің жалпы санының кемінде үштен екісі): бар.

Әрбір өтінімге Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрінің 2022 жылғы 26 қыркүйектегі № 406 бұйрығымен бекітілген Мемлекеттік гранттарды қалыптастыру, беру, мониторингтеу және олардың тиімділігін бағалау қағидаларының (бұдан әрі – Қағидалар) 8-қосымшасында бекітілген көрсеткіштер бойынша балдар берілді.

 Күн тәртібі:

  1. Сараптама комиссиясының төрағасын сайлау.
  2. Сараптама комиссиясының әрбір мүшесіне қайталап бағалау жүргізу үшін берілген өтінімдер санын айқындау.
  3. Үкіметтік емес ұйымдарға (бұдан әрі – ҮЕҰ) мемлекеттік гранттар беруге арналған конкурс шеңберінде өтінімдерге қайталап тәуелсіз бағалау жүргізу нәтижелері бойынша Грант алушыларды айқындау.

Күн тәртібінің бірінші мәселесі бойынша:

 Сараптама комиссиясының қатысып отырған мүшелері барлық кандидатураларды қарап, Сараптама комиссиясының Төрағасы ретінде Мақсат Зейнуллаұлы Орынбасар сайлауға шешім қабылдады.

 Күн тәртібінің екінші мәселесі бойынша:

Гранттар беру бағыттары бойынша үлестіруге сәйкес сараптама комиссиясының әрбір мүшесіне қайталап бағалау жүргізу үшін берілген өтінімдер саны мынадай:

Сапаршының аты-жөніБағалау жүргізу үшін берілген өтінімдер саныКонкурстық комиссияның отырысында қосымша бағалау жүргізу үшін берілген өтінімдер саныБағалау жүргізілген өтінімдердің жалпы саны
1.Асанова Динара Кенжебековна25025
2.Касенов Айбол Батырболұлы25025
3.Саранова Данара Юрьевна25025
4.Орынбасар Мақсат Зейнуллаұлы25025
5.Есенбеков Алмат Асхатович25025

Екінші сұрақ бойынша шешім: Бағалау жүргізілген өтінімдердің жалпы саны 25 өтінімді құрайды.

Күн тәртібінің үшінші мәселесі бойынша:

Грант алушыларды іріктеу мақсатында өтінімдерге қайталап тәуелсіз бағалау жүргізу жөніндегі 5 адамнан тұратын сараптамалық комиссия 15 ҮЕҰ-нан түскен 25 өтінімге тәуелсіз сараптама жүргізді.

Өтінімдер сараптамалық комиссияның әрбір мүшесіне дербес қолжетімділікті ұсына отырып, бұлтты сақтау арқылы жіберілді.

Сараптама комиссиясы мүшелерінің әрбір жобаға түсініктемелері сараптама комиссиясы мүшелерінің бағалау парақтарында көрсетіледі.

Сарапшылар бағалау парақтарында әрбір өтінім бойынша Қағидалардың 8-қосымшасына сәйкес балдар береді.

1-кесте

Басым бағыттың атауыІске асырылу мерзіміГрант сомасы (мын тенге)Өтінім берушіАсанова Динара КенжебековнаКасенов Айбол БатырболұлыСаранова Данара ЮрьевнаОрынбасар Мақсат ЗейнуллаұлыЕсенбеков Алмат АсхатовичБарлығы
Ұлттық және отбасылық құндылықтар мен дәстүрлерді насихаттау, ұрпақтар сабақтастығын қамтамасыз етуқысқа мерзімді9 611,0«Қоғамдық денсаулық сақтау институты» жеке меншік мекемесі1920261124100
«Мүшелтой аула клубы» қоғамдық бірлестігі3232251526130
«Еркін пікір» Жамбыл облыстық пікірсайыс одағы» жастар қоғамдық бірлестігі3029222123125
«Өрендер» академиясы» қоғамдық бірлестігі3421382141155
«Бақытты отбасы» қоғамдық бірлестігі31514141662
«Жас Ұлан» бірыңғай балалар-жасөспірімдер ұйымы» республикалық қоғамдық бірлестігі4630502127174
«YERKIN» өнер академиясы» жастар қоғамдық бірлестігі3021342332140
«Жетісу жастары ұйымының Конгресі» жастар қоғамдық бірлестігі3733392542176
«Ұмтылыс Q» қоғамдық бірлестігі3331282336151
«Алматы облысының Ауыл жастарының одағы» жастар қоғамдық бірлестігі2737232338148
Әйелдердің көшбасшылық, қаржылық және құқықтық құзыреттерін арттыру және дамытуқысқа мерзімді7 000,0«Жетісу Іскер Әйелдері» қоғамдық бірлестігі102214172891
«Өрендер» академиясы» қоғамдық бірлестігі3231381931151
«ҚСА» Республикалық студенттер қозғалысы» қоғамдық бірлестігі4026462717156
«YERKIN» өнер академиясы» жастар қоғамдық бірлестігі3017342734142
«Жетісу жастары ұйымының Конгресі» жастар қоғамдық бірлестігі3222372443158
«Талдықорған өңірлік әйелдерді қолдау орталығы» қоғамдық бірлестігі2925441822138
«Ұмтылыс Q» қоғамдық бірлестігі2826312132138
«Астана әйелдер ақпараттық орталығы» жеке меншік мекемесі17196162179
«Алматы облысының Ауыл жастарының одағы» жастар қоғамдық бірлестігі2636212138142
Әкелер институтын дамыту, ұлдарды болашақ әке ретінде тәрбиелеуге жәрдемдесу және әкелерді бала тәрбиесі процесіне белсенді қатыстыруқысқа мерзімді5 000,0«Әкелер Одағы» Республикалық қоғамдық бірлестігінің Жетісу облысындағы филиалы2625282024123
«Өрендер» академиясы» қоғамдық бірлестігі3832422722161
«Жетісу жастары ұйымының Конгресі» жастар қоғамдық бірлестігі3232422036162
«YERKIN» өнер академиясы» жастар қоғамдық бірлестігі2528342028135
«Ұмтылыс Q» қоғамдық бірлестігі2822302630136
«Алматы облысының Ауыл жастарының одағы» жастар қоғамдық бірлестігі2240252236145

Үшінші мәселе бойынша шешім: Өтінімдерге қайталап тәуелсіз бағалау жүргізу нәтижелері бойынша және сараптама комиссиясының дауыс беруі арқылы мынадай үкіметтік емес ұйым жеңімпаз болып анықталды:

Басым бағыттың атауыІске асырылу мерзіміҮЕҰ атауыЖалпы балл
1.Ұлттық және отбасылық құндылықтар мен дәстүрлерді насихаттау, ұрпақтар сабақтастығын қамтамасыз етуқысқа мерзімді««Жетісу жастары ұйымының Конгресі» жастар қоғамдық бірлестігі176
2Әйелдердің көшбасшылық, қаржылық және құқықтық құзыреттерін арттыру және дамытуқысқа мерзімді«Жетісу жастары ұйымының Конгресі» жастар қоғамдық бірлестігі158
3Әкелер институтын дамыту, ұлдарды болашақ әке ретінде тәрбиелеуге жәрдемдесу және әкелерді бала тәрбиесі процесіне белсенді қатыстыруҚысқа мерзімді««Жетісу жастары ұйымының Конгресі» жастар қоғамдық бірлестігі162

   Сараптама комиссиясының төрағасы  _____________  Орынбасар М.З.

Документы