Еліміздің өңірлеріндегі жастардың бастамаларын қолдауға 250-ден астам шағын грант бөлінді
27 шілде 2022, 16:52 17842

Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі Азаматтық бастамаларды қолдау орталығы және қоғамдық бірлестіктермен бірлесіп, «Zhas Project» жобасы бойынша шағын гранттарға қатысуға өтінімдер қабылдау басталғаны туралы хабарлайды, деп хабарлайды Деловой Қазақстан.
Үкіметтің 2022 жылға арналған іс-қимыл бағдарламасы аясында Алматы, Қарағанды, Маңғыстау және Түркістан облыстарында пилоттық режимде іске асырылып жатқан жоба енді Жетісу және Ұлытау облыстарын да қамтиды.
Аталған өңірлерде жастардың бастамаларын қолдауға 250-ден астам шағын грант бөлінді. Әрбір грант аясында нақты жобаны қаржыландыруға 1 миллион теңгеге дейін қаржы қарастырылып отыр.
«Zhas Project» жобасының негізгі мақсатының бірі – жастарды елді мекендердің әлеуметтік-экономикалық өміріне кеңінен тарту, жұмыспен қамту, сондай-ақ, әлеуметтік осал, әсіресе ауылдық жерлерде тұратын жастардың бизнес-идеяларын қолдау.
Шағын гранттар конкурсына 18-29 жас аралығындағы қазақстандықтар қатыса алады. Жобада жұмыссыз ретінде тіркелген жастар; аз қамтылған отбасыларда тұратын жетімдер және мүгедектер; мүгедек бала тәрбиелеп отырған ата-аналар; көп балалы отбасылар, сондай-ақ, «Алтын алқа» және «Күміс алқамен» марапатталған көп балалы аналарға ерекше басымдық беріледі.
Конкурстық рәсімдер ашық болу үшін аталған аймақтарда өңірлік комиссиялар құрылады, оларға қоғам өкілдері, салалық сарапшылар, кәсіпкерлер кіреді. Жобаларды іріктеу жөніндегі өңірлік комиссиялардың барлық отырыстары әлеуметтік желілерде онлайн-режимде көрсетіледі. Әрбір жоба сараптамадан өтеді, олардың әрқайсысын іске асырудың тиімділігі бойынша мониторинг жүргізіледі. Республикалық қоғамдық мониторинг тобы құрылады.
Өтінімдерді қабылдау мына сайттарда жүзеге асырылады: zhasproject-almobl.kz, zhasproject-karaganda.kz, zhasproject-mangystau.kz, zhasproject-turkestan.kz.
Қатысуға өтінімдер 2022 жылдың 10 тамызына дейін қабылданады.
Жаңалықпен бөлісу
Қазір оқығандар
- ТМД сайлау саласындағы дезинформацияға қарсы күресіп, құқықтық білім беруді дамытуда 2794
- Қарт адамдардың өмір сапасын арттыру – Қазақстанның басымдықтарының бірі 2783
- Бурабайда ТМД елдерінде сайлау мәдениеті мен құқықтық білім беруді дамыту мәселелері талқыланды 2684
- Қазақстан Бельгия тарабына парламенттік реформаны таныстырды 2552
- ҚР ҚК барлау бөлімшелері шабуыл мен қорғаныс іс-қимылдарын пысықтады 2486
Жаңалықтар » Қазақ тіліндегі мақалалар
Қарт адамдардың өмір сапасын арттыру – Қазақстанның басымдықтарының бірі
1 қазан, 19:09 2783
Фотосурет: freepik.com
Жыл сайын дүние жүзінде, оның ішінде Қазақстанда 1 қазан Халықаралық қарттар күні ретінде аталып өтеді. Республикада жасы бойынша 2,5 миллионнан астам зейнеткер тұрады. Әрбір азаматтың лайықты қартаюын қамтамасыз ету – Үкіметтің әлеуметтік саясатының басты міндеттерінің бірі, деп хабарлайды DKNews.kz.
Мемлекет аға буын өкілдерін әлеуметтік қорғау, оның ішінде зейнетақымен қамсыздандыру жүйесін жетілдіруге бағытталған шараларды дәйекті түрде қабылдауда.
ҚР Әлеуметтік кодексінің 197-бабының 3-тармағына сәйкес еңбек сіңірген жылдары үшін зейнетақы төлемдерінің мөлшерін жыл сайын арттыру республикалық бюджет туралы заңда тиісті қаржы жылына белгіленген мөлшерде жүзеге асырылады.
Осылайша, 2025 жылдың 1 қаңтарынан бастап ынтымақты зейнетақы мөлшері 8,5%-ға ұлғайтылды және ең төменгі күнкөріс деңгейінің көлемінің өзгеруіне байланысты базалық зейнетақы мөлшері индекстелді.
Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес базалық зейнетақының мөлшерін кезең-кезеңімен арттыру жалғасуда. 2025 жылдың 1 қаңтарынан бастап зейнетақының ең төменгі мөлшері ең төменгі күнкөріс деңгейінің 65-тен 70%-ға, ал ең жоғарғысы 105-тен 110%-ға дейін өседі.
Сонымен қатар Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі қарт адамдарды қолдау, оларға әлеуметтік қызмет көрсету деңгейін арттыру, қоғамдық өмірге тарту бойынша шараларды іске асыруда.
Республикада 127 Белсенді ұзақ өмір сүру орталығы ашылып, жұмыс істеуде. 2025 жылы олардың жұмыс істеуіне жергілікті бюджеттерден бөлінген қаражаттың жалпы сомасы 7,5 млрд теңгені құрады.
Белсенді ұзақ өмір сүру орталықтары «бір терезе» қағидаты бойынша үш бағытта жұмыс істейді: белсенді ұзақ өмір сүру, денсаулық мәдениеті және қоғаммен байланыс. Орталықтардың қызметі егде жастағы адамдардың өмір сүру сапасын жақсартуға, өнімді және белсенді ұзақ өмір сүруді ынталандыруға, оның ішінде жүйелі бос уақытты ұйымдастыруға (йога, скандинавиялық жүріс, цифрлық сауаттылықты арттыру, мотивациялық және кәсіпкерлік курстар, ағылшын тілі курстары және т.б.), қарттардың еркіндігін қамтамасыз етуге, қоғам өміріне қатысуға бағытталған.
1 қазанда елімізде Қарттар күніне орайластырылған айлық басталады. Облыстардың, қалалар мен аудандардың әкімдері, кәсіпорындар мен ұйымдардың басшылары аға буын азаматтарын әлеуметтік қолдау жөніндегі іс-шараларды, еңбек ұжымдарында кездесулерді, амбулаториялық-емханалық ұйымдарда Ашық есік күндерін және басқаларды өткізетін болады.
Халықаралық қарттар күні 1990 жылы 14 желтоқсанда Біріккен Ұлттар Ұйымы Бас Ассамблеясының 45-сессиясында жарияланғанын естеріңізге сала кетейік.
Оны өткізудің басты мақсаты – қариялардың мемлекет пен қоғам алдындағы еңбегін құрметтеу және мойындау, сондай-ақ олардың проблемалары мен қажеттіліктеріне назар аудару, өмір сүру сапасын арттыру қажеттілігі, оларға жалпыға бірдей қамқорлық көрсету.
Қарттар күніәлеуметтік қорғаузейнетақымен қамсыздандыру
Жаңалықпен бөлісу
Қазір оқығандар
- ТМД сайлау саласындағы дезинформацияға қарсы күресіп, құқықтық білім беруді дамытуда 2794
- Қарт адамдардың өмір сапасын арттыру – Қазақстанның басымдықтарының бірі 2783
- Бурабайда ТМД елдерінде сайлау мәдениеті мен құқықтық білім беруді дамыту мәселелері талқыланды 2684
- Қазақстан Бельгия тарабына парламенттік реформаны таныстырды 2552
- ҚР ҚК барлау бөлімшелері шабуыл мен қорғаныс іс-қимылдарын пысықтады 2486
Бурабайда ТМД елдерінде сайлау мәдениеті мен құқықтық білім беруді дамыту мәселелері талқыланды
1 қазан, 21:17 2684
Фотосурет: Gov
Қазақстанның Орталық сайлау комиссиясы ТМД-ға қатысушы мемлекеттердің сайлау органдары басшыларының Консультативтік кеңесіне төрағалық етеді, деп хабарлайды DKNews.kz.
2025 жылғы 30 қыркүйекте Бурабай кентінде (Қазақстан Республикасы, Ақмола облысы) Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығына (ТМД) қатысушы мемлекеттердің сайлау органдары басшыларының Консультативтік кеңесінің (СОБ КК) VI отырысы өтті.
Іс-шараға ТМД-ға қатысушы мемлекеттердің орталық сайлау органдарының басшылары мен өкілдері, ТМД Атқарушы комитетінің және ТМД-ға қатысушы мемлекеттердің Парламентаралық ассамблеясының өкілдері, ТМД ПА-ға қатысушы мемлекеттердің демократияны, парламентаризмді дамыту және азаматтардың сайлау құқықтарының сақталуына мониторинг жүргізу жөніндегі халықаралық институтының өкілдері, ТМД СОБ КК жанындағы Электоралдық саладағы жастар саясаты жөніндегі жұмыс тобының және ҚР ОСК жанындағы Сарапшылар кеңесінің мүшелері, жастар ұйымдарының, сондай-ақ Қазақстанның сайлау комиссияларының өкілдері қатысты.
2025 жылғы 1 қыркүйектен бастап ТМД-ға қатысушы мемлекеттердің сайлау органдары басшыларының Консультативтік кеңесіне төрағалық ету Қазақстан Республикасының Орталық сайлау комиссиясына өткенін атап өту керек.
Іс-шаралар бағдарламасы сайлау саласында мемлекетаралық әріптестікті нығайтуға, тәжірибе алмасуға және әсіресе жастар арасында сайлау мәдениетін қалыптастырудың практикалық тәсілдерін дамытуға бағытталды.
ТМД СОБ КК Төрағасы, ҚР ОСК Төрағасы Нұрлан Әбдіров кеңес отырысын ашып, «Сайлау мәдениетін қалыптастыру – бұл адами капиталға, демократиялық институттарды нығайтуға және біздің елдеріміздің болашағына салынған инвестиция. Бұл – құқықтық реформаларды, білім беру бастамаларын және заманауи технологияларды біріктіріп, жүйелі тұрғыдан қарауды талап ететін үдеріс.
Сондықтан да біздің тарап қазақстандық төрағалық ету кезеңін сайлау процесінің барлық қатысушыларының, әсіресе жастардың арасында сайлау мәдениетін қалыптастыру және дамыту мәселесін талқылауға арнауды ұсынды» деп атап өтті.
ТМД-ға қатысушы мемлекеттердің сайлау органдары басшыларының Консультативтік кеңесінің VI отырысында сайлау процестерінің тиімділігін және оған қатысушылардың электоралдық мәдениетін арттыру жөніндегі өзекті мәселелер талқыланды.
ТМД ПА Кеңесінің Бас хатшысы Дмитрий Кобицкий бейнеқұттықтау жолдады, ТМД СОБ КК тең Төрағасы, Беларусь Республикасының Орталық сайлау комиссиясының Төрағасы Игорь Карпенконың (онлайн режимде) ТМД СОБ КК-не төрағалық еткен кезеңдегі атқарылған жұмыстар туралы ақпараты тыңдалды.
Сайлау тақырыбына арналған пікірталас барысында Армения Республикасының Орталық сайлау комиссиясының Төрағасы Ваагн Овакимян «2026 жылы өтетін парламенттік сайлаулар аясында Армения Республикасының сайлау заңнамасындағы жаңашылдықтар» тақырыбында, ТМД СОБ КК Төрағасы, ҚР ОСК Төрағасы Нұрлан Әбдіров «Қазақстан Республикасындағы жергілікті сайлаулар және саяси жүйені одан әрі жетілдіру туралы», Қырғыз Республикасының Сайлау және референдумдар өткізу жөніндегі Орталық комиссиясының Төрағасы Тынчтык Шайназаров – «Қырғыз Республикасындағы 2025 жылғы сайлау процестері» (онлайн), Ресей Федерациясының Орталық сайлау комиссиясының Төрағасы Элла Памфилова (бейнебаяндама арқылы) – «14 қыркүйекте Ресей Федерациясында өткен бірыңғай дауыс беру күнінің қорытындылары туралы», Тәжікстан Республикасының Сайлау және референдумдар жөніндегі Орталық комиссиясының Төрағасы Бахтиёр Худоёрзода – «Тәжікстан Республикасында шығып қалған депутаттардың орнына жергілікті Халық депутаттары мәжілістеріне өткен сайлаулар туралы», Өзбекстан Республикасының Орталық сайлау комиссиясының Төрағасы Зайниддин Низамходжаев – «Өзбекстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының сайлаудан кейінгі кезеңдегі жұмысының кейбір аспектілеріне шолу» тақырыбында сөз сөйледі.
«ТМД-ға қатысушы мемлекеттердің Парламентаралық ассамблеясына қатысушы мемлекеттерде жастардың құқықтық мәдениеті мен сайлау белсенділігін арттыру мәселелері бойынша ТМД СОБ КК жанындағы Электоралдық саладағы жастар саясаты жөніндегі жұмыс тобы мен ТМД ПА-ға қатысушы мемлекеттердің демократияны, парламентаризмді дамыту және азаматтардың сайлау құқықтарының сақталуын мониторингілеу жөніндегі халықаралық институтының өзара іс-қимылы туралы» ТМД ПА Кеңесі Хатшылығы Басшысының орынбасары, ТМД ПА ДДМХИ директоры Иван Мушкет, «ТМД СОБ КК мүшелерінің Дүниежүзілік сайлау органдары қауымдастығы (A-WEB) қызметіне қатысуы туралы» ТМД СОБ КК тең Төрағасы, Беларусь Республикасының Орталық сайлау комиссиясының Төрағасы Игорь Карпенко (онлайн), «ТМД СОБ КК хатшылығының басшысы (хатшысы) лауазымына кандидатура ұсыну туралы» ТМД СОБ КК Төрағасы, ҚР ОСК Төрағасы Нұрлан Әбдіров баяндама жасады.
Отырыстың басталуы алдында қатысушылар ТМД-ға қатысушы мемлекеттердің сайлау органдарының құқықтық ағарту және электоралдық қатысудың мәдениетін қалыптастыру саласындағы тәжірибелерін көрсететін әдістемелік материалдар көрмесімен танысты.
Көрмеде Армения, Беларусь, Қазақстан, Қырғызстан, Ресей, Тәжікстан, Өзбекстанның орталық сайлау органдары мен ТМД ПА ДДМХИ-ның жұмыс барысында қолданатын түрлі оқу-әдістемелік және ақпараттық материалдары ұсынылды.
Баспа өнімдерінен бөлек, іс-шараға қатысушыларға интерактивті экрандар арқылы қатысушы-мемлекеттердің сайлау органдарының тәжірибелік қызметінде қолданылатын бейнематериалдар мен цифрлық ресурстар көрсетілді.
Бурабайда өткен отырысқа қатысушылар оның қорытындылары ТМД елдерінің сайлау органдары арасында электоралдық салада өзара әріптестікті дамытуға тәжірибелік үлес қосатындығына сенім білдірді. Сонымен қатар, олар ҚР ОСК хатшысы Шавхат Өтемісовтің ТМД СОБ КК хатшылығының басшысы (хатшысы) лауазымына кандидатурасын қолдады.
1 қазанда ТМД СОБ КК VI отырысы аясында «Сайлау процесіне қатысушылардың сайлау мәдениетін қалыптастыру» тақырыбында дөңгелек үстел және ТМД СОБ КК жанындағы Электоралдық саладағы жастар саясаты жөніндегі жұмыс тобының алғашқы отырысы өтеді.
ТМДСОБ ККХалықаралық ынтымақтастықКонсультативтік кеңесі
Жаңалықпен бөлісу
Қазір оқығандар
- ТМД сайлау саласындағы дезинформацияға қарсы күресіп, құқықтық білім беруді дамытуда 2794
- Қарт адамдардың өмір сапасын арттыру – Қазақстанның басымдықтарының бірі 2783
- Бурабайда ТМД елдерінде сайлау мәдениеті мен құқықтық білім беруді дамыту мәселелері талқыланды 2684
- Қазақстан Бельгия тарабына парламенттік реформаны таныстырды 2552
- ҚР ҚК барлау бөлімшелері шабуыл мен қорғаныс іс-қимылдарын пысықтады 2486
Қазақстан Бельгия тарабына парламенттік реформаны таныстырды
Бүгін, 00:55 2563
Фотосурет: Gov
Қазақстан мен Бельгия арасындағы парламентаралық ынтымақтастыққа жаңа серпін берілмек, деп хабарлайды DKNews.kz.
Брюссельдегі Ұлт сарайында Қазақстан Республикасының Бельгия Корольдігіндегі Төтенше және Өкілетті Елшісі Роман Василенко Бельгия Федералдық Парламенті Өкілдер палатасының Төрағасы Петер Де Ровермен кездесті.
Тараптар Қазақстан мен Бельгия арасындағы саяси диалог пен сенімді нығайтудың маңызды арнасы ретінде парламентаралық өзара іс-қимылдың қазіргі жағдайы мен перспективаларын талқылады. Депутаттар мен бейінді парламенттік комитеттер арасындағы тұрақты байланыстардың, сондай-ақ достық топтарының қызметін жандандырудың маңыздылығы аталып өтті.

Р. Василенко әріптесін Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстан халқына Жолдауында айтылған негізгі басымдықтар туралы хабардар етті. Әсіресе, 2019-2021 жылдардағы төрт демократиялық реформалар топтамасының және 2022 жылғы конституциялық реформаның қисынды жалғасы болып табылатын парламенттік реформа бастамасына ерекше назар аударылды.
«Ұсынылып отырған парламенттік реформа – бұл қоғамның тұрақты сұранысына жауап. Бір палаталы парламент құру идеясы Қазақстанда 20 жылдан астам уақыттан бері талқыланып келеді. Бұл Президент Қ.Тоқаевтың «Халық үніне құлақ асатын мемлекет» құруға бағытталған көзқарасының тиімділігін және тереңдігін дәлелдейді»Роман Василенко
Ол сондай-ақ реформалар мәселесі бойынша ұлттық референдум өткізу мемлекет басшысының ұстанымының өзгермейтінін көрсететінін атап өтті: ел болашағына қатысты маңызды мәселелер бойынша шешімдер қоғамда кеңінен талқыланып, консенсус жағдайында қабылдануы тиіс.
«Бір палаталы парламент құру заң шығару процесін азаматтарға неғұрлым ашық әрі түсінікті етеді, мемлекеттік институттарға деген сенімді күшейтеді және демократиялық жүйенің тұрақтылығын арттырады»Роман Василенко

Бельгия Өкілдер палатасының Төрағасы Петер Де Ровер Қазақстандағы саяси және институционалдық өзгерістерді жоғары бағалап, елдің демократиялануға, орнықты дамуға және құқық үстемдігін нығайтуға ұмтылысын қолдайтынын білдірді. Ол Сенатты жою жөніндегі осындай үдеріс Бельгия сияқты Федеративті мемлекетте де басталғанын, онда тікелей сайланатын бір палата барлық сайлаушылар мен аймақтардың мүдделерін білдіруге қабілетті деп есептелетінін атап өтті.
«Біздің елдер арасындағы парламентаралық ынтымақтастықты жандандыруды қолдаймыз. Бұл өзара түсіністікті жақсартуға, әріптестікті дамытуға және екі мемлекет азаматтарының игілігі үшін практикалық ынтымақтастықты кеңейтуге ықпал етеді»Петер Де Ровер
Кездесу қорытындысы бойынша тараптар 2025-2026 жылдарға арналған бірлескен іс-шаралар күнтізбесін пысықтауды жалғастыруға уағдаласты. Ол өзара сапарларды, тақырыптық дөңгелек үстелдерді және халықаралық парламентаралық алаңдардағы бірлескен бастамаларды қамтитын болады.
CIMҚазақстан және БельгияХалықаралық ынтымақтастық
Жаңалықпен бөлісу
Қазір оқығандар
- ТМД сайлау саласындағы дезинформацияға қарсы күресіп, құқықтық білім беруді дамытуда 2794
- Қарт адамдардың өмір сапасын арттыру – Қазақстанның басымдықтарының бірі 2783
- Бурабайда ТМД елдерінде сайлау мәдениеті мен құқықтық білім беруді дамыту мәселелері талқыланды 2684
- Қазақстан Бельгия тарабына парламенттік реформаны таныстырды 2552
- ҚР ҚК барлау бөлімшелері шабуыл мен қорғаныс іс-қимылдарын пысықтады 2486
Жаңалықтар » Қазақ тіліндегі мақалалар
ҚР ҚК барлау бөлімшелері шабуыл мен қорғаныс іс-қимылдарын пысықтады
1 қазан, 20:29 2486
Фотосурет: Gov
«Айбалта» оқу-жаттығуында барлаушылар қорғаныс пен шабуыл жағдайындағы тапсырмаларды орындау шеберлігін көрсетті, деп хабарлайды DKNews.kz.
«Айбалта-2025» жедел-стратегиялық командалық-штабтық оқу-жаттығуы аясында барлау бөлімшелерінің әскери қызметшілері тактикалық іс-қимылдарды пысықтады.

Жаттығу кезеңдерінің бірінде әскери барлаушылар шартты қарсыластың тылында күндізгі және түнгі жағдайларда барлау жүргізуге арналған кең ауқымды тапсырмаларды орындады. Олар белгіленген шептерге жасырын жылжып, бақылау бекеттерін жабдықтап, барлау деректерін жедел түрде штабқа жеткізді.

Барлық іс-қимылдар заманауи барлау құралдарын қолдана отырып жүргізілді. Атап айтқанда, ұшқышсыз ұшу аппараттары мен радиоэлектрондық бақылау жүйелері кеңінен пайдаланылды.
“Барлау бөлімшелері өздеріне жүктелген тапсырмаларды сәтті орындады. Бұл олардың қорғаныс пен шабуыл жағдайында да тиімді әрекет етуге дайын екенін көрсетті. Жеке құрам күрделі жағдайларда жасырын, шапшаң әрі үйлесімді әрекет ету шеберлігін танытты. Оқу-жаттығу барлаушылар мен жалпы әскери бөлімшелер арасындағы өзара іс-қимылды нығайтып, жауынгерлік машықты арттыруға ықпал етті”ҚР Қарулы күштері Құрлық әскерлері бас қолбасшысы басқармасы барлау бас басқармасының бастығы полковник Динар Құрбанбаев
Оқу-жаттығу басшылығы жеке құрамның жоғары кәсіби дайындығын, өзгермелі тактикалық және шектеулі көріну жағдайында әрекет ету қабілетін ерекше атап өтті.

Барлаушылардың іс-қимылдарының нәтижесінде алынған деректер ұрыста дұрыс шешімдер қабылдауға және әскерлерді тиімді басқаруға мүмкіндік берді.

Жаңалықпен бөлісу
Қазір оқығандар
- ТМД сайлау саласындағы дезинформацияға қарсы күресіп, құқықтық білім беруді дамытуда 2794
- Қарт адамдардың өмір сапасын арттыру – Қазақстанның басымдықтарының бірі 2783
- Бурабайда ТМД елдерінде сайлау мәдениеті мен құқықтық білім беруді дамыту мәселелері талқыланды 2684
- Қазақстан Бельгия тарабына парламенттік реформаны таныстырды 2552
- ҚР ҚК барлау бөлімшелері шабуыл мен қорғаныс іс-қимылдарын пысықтады 2486
«DKnews.kz» халықаралық ақпараттық агенттігі Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігінде тіркелген. Есепке қою туралы куәлік № 10484-АА 2010 жылдың 20 қаңтарында берілді.
Тақырып Әдепкі қалпы бойынша Қара Ашық
Жаңарту Қосу Өшіру
МИА «DKnews.kz»© 2006 – 2025
