«Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігі» ММ басшысының «2025 жылға үкіметтік емес ұйымдарға арналған мемлекеттік гранттардың бағыттарының қосымша тізбесін бекіту туралы» 2025 жылғы      «10» шілдедегі №311-НҚ бұйрығымен бекітілген 2025 жылғы «22» шілдеде жарияланған конкурс шеңберінде грант алуға Өтініш берушілердің ішінен жеңімпаздарды іріктеу мақсатында өтінімдерді тәуелсіз бағалау

нәтижелері бойынша Конкурстық комиссия отырысының

№ 36 ХАТАЛАМАДАН АЛЫНҒАН ҮЛГІ 

Астана қ.                                                                                               «02» қыркүйек 2025 жыл

Конкурстық комиссия отырысына қатысқандар:

ТАӘҚатысу туралы мәліметтер
Хатшы (Оператор қызметкері):
1Рамазанов Азамат КаирбековичZOOM арқылы қашықтан қатысты
Конкурстық комиссия мүшелері:
 Есбергенов Ерлан ЖумажановичZOOM арқылы қашықтан қатысты
 Абилбеков Наби КенесарыевичZOOM арқылы қашықтан қатысты
 Айтбай Нариман ЕрланулыZOOM арқылы қашықтан қатысты
 Наукен Ұлан АманқазыұлыҚатысқан жоқ
 Ералы Нұрас АнарбекұлыZOOM арқылы қашықтан қатысты

Шешімдер қабылдау үшін кворумның болуы туралы мәліметтер (сараптама комиссиясы мүшелерінің жалпы санының кемінде үштен екісі): бар.

Әрбір өтінімге Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрінің 2022 жылғы 26 қыркүйектегі №406 бұйрығымен бекітілген Мемлекеттік гранттарды қалыптастыру, беру, мониторингтеу және олардың тиімділігін бағалау қағидаларының (бұдан әрі – Қағидалар) 8-қосымшасында бекітілген көрсеткіштер бойынша балдар берілді.

Күн тәртібі:

  1. Конкурстық комиссиясының төрағасын сайлау.
  2. Конкурстық комиссия үшін өтінімдердің, бағалау парақтарының санын анықтау
  3. Үкіметтік емес ұйымдарға (бұдан әрі – ҮЕҰ) мемлекеттік гранттар беруге арналған конкурс шеңберінде берілген өтінімдерді Конкурстық комиссияның дауыс беру нәтижелері бойынша жеңімпазды (Өтініш берушіні) айқындау.

Күн тәртібінің бірінші мәселесі бойынша:

Конкурсық комиссияға қатысып отырған мүшелер барлық кандидатураларды қарап, Нұрас Анарбекұлы Ералыны Конкурстық комиссияның Төрағасы етіп сайлауға шешім қабылдады.

Күн тәртібінің екінші мәселесі бойынша:

Гранттар беру бағыттары бойынша бөлуге сәйкес Конкурстық комиссияның әрбір мүшесі үшін дауыс беруді өткізуге берілген өтінімдердің, бағалау парақтарының саны:

Сапаршының аты-жөніБағалау жүргізілген өтінімдердің жалпы саныКонкурстық комиссияның отырысында дауыс беруді өткізу үшін ұсынылған өтінімдердің саны
 Алмабаев А.О.22
 Карибаева И.К.22
 Бекманова Р.А.22
 Раздыкова Г.М.22
 Сванкулова А.Б.22

Күн тәртібінің үшінші мәселесі бойынша:

Өтінімдерге тәуелсіз бағалау жүргізу жөніндегі 5 адамнан тұратын сарапшылар жеңімпазды іріктеу мақсатында 2 ҮЕҰ-дан 2 өтінімге тәуелсіз сараптамалық бағалау жүргізді.

Сарапшылар әрбір өтінім бойынша бағалау парақтарында Қағидалардың                         8-қосымшасына сәйкес балл берді.

                                                                                                                        Кесте 1

Заңның 5-бабының 1-тармағына сәйкес мемлекеттік грант саласыБасым бағыттың атауыІске асыру мерзіміӨтініш берушіАлмабаев А.О.Карибаева И.К.Бекманова Р.А.Раздыкова Г.М.Сванкулова А.Б.Барлығы
Қоғамдық келісімді және жалпыұлттық бірлікті нығайтуТеррористік белсенді аймақтардан қайтарылған азаматтар мен сол жақта қаза тапқан және жоғалып кеткен қазақстандықтардың туыстарына құқықтық және әлеуметтік көмекқысқа мерзімді«Basqary» қоғамдық қоры     173
қысқа мерзімді«AQNIET» ақпараттық – насихаттау және оңалту орталығы» қоғамдық қоры     180

Үшінші мәселе бойынша шешім:

Өтінімдерге тәуелсіз бағалау жүргізу нәтижелері бойынша және Конкурстық комиссиясының дауыс беруі арқылы жеңімпаз болып мынадай үкіметтік емес ұйым айқындалды:

Заңның 5-бабының 1-тармағына сәйкес мемлекеттік грант саласыБасым бағыттың атауыІске асыру мерзіміҮЕҰ атауыЖалпы баллы
1.Қоғамдық келісімді және жалпыұлттық бірлікті нығайтуТеррористік белсенді аймақтардан қайтарылған азаматтар мен сол жақта қаза тапқан және жоғалып кеткен қазақстандықтардың туыстарына құқықтық және әлеуметтік көмекқысқа мерзімді«AQNIET» ақпараттық – насихаттау және оңалту орталығы» қоғамдық қоры180

Оператор Қағидаларға сәйкес «AQNIET» ақпараттық-насихаттау және оңалту орталығы» қоғамдық қорымен Мемлекеттік грант беру туралы шарт жасасады. Қағидалармен белгіленген мерзімдерде әлеуетті грант алушының кінәсінен Мемлекеттік грант беру туралы шарт жасалмаған жағдайда Оператор шарт жобасын хаттамаға сәйкес рейтинг бойынша екінші орын алған келесі өтінім берушіге – «Basqary» қоғамдық қорына жібереді.

Конкурстық комиссиясының Төрағасы ______________ Нұрас Анарбекұлы Ералы

Документы