«Атырау қаласының ішкі саясат бөлімі» ММ басшысының «Үкіметтік емес ұйымдарға берілетін мемлекеттік гранттардың басым бағыттарының 2025 жылға арналған тізбесін бекіту туралы» 2025 жылғы «31» наурыздағы №11 бұйрығымен бекітілген 2025 жылғы    07 сәуірде жариялаған конкурс шеңберінде Грант алушыларды іріктеу мақсатында «Отбасылық демографиялық және гендерлік мәселелерді шешуге жәрдемдесу» саласы бойынша өтінімдерді тәуелсіз бағалау нәтижелері бойынша сараптамалық комиссия отырысының

№ 28 ХАТТАМАСЫ

Астана қ.                                                                                                     2025 жылғы «23» мамыр

Отырысқа қатысқандар:

ТАӘҚатысу туралы мәліметтер
1.Джайлаубаева Данагуль БагитжановнаҚатысқан жоқ
2.Бейсенова Айгуль АманжановнаZOOM арқылы қашықтан қатысты
3.Шаяхметова Жанна БекполовнаZOOM арқылы қашықтан қатысты
4.Сабирова Жадыра ЖумаевнаZOOM арқылы қашықтан қатысты
5.Усманова Виктория ЕвгеньевнаZOOM арқылы қашықтан қатысты

Шешімдер қабылдау үшін кворумның болуы туралы мәліметтер (сараптама комиссиясы мүшелерінің жалпы санының кемінде үштен екісі): бар.

Әрбір өтінімге Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрінің 2022 жылғы 26 қыркүйектегі № 406 бұйрығымен бекітілген Мемлекеттік гранттарды қалыптастыру, беру, мониторингтеу және олардың тиімділігін бағалау қағидаларының (бұдан әрі – Қағидалар) 8-қосымшасында бекітілген көрсеткіштер бойынша балдар берілді.

Күн тәртібі:

  1. Сараптама комиссиясының төрағасын сайлау.
  2. Сараптама комиссиясының әрбір мүшесіне бағалау жүргізу үшін берілген өтінімдер санын айқындау.
  3. Үкіметтік емес ұйымдарға (бұдан әрі – ҮЕҰ) мемлекеттік гранттар беруге арналған конкурс шеңберінде өтінімдерге тәуелсіз бағалау жүргізу нәтижелері бойынша Грант алушыларды айқындау.

Күн тәртібінің бірінші мәселесі бойынша:

Сараптама комиссиясының қатысып отырған мүшелері барлық кандидатураларды қарап, Сараптама комиссиясының Төрағасы ретінде Айгуль Аманжановна Бейсенованы сайлауға шешім қабылдады.

Күн тәртібінің екінші мәселесі бойынша:

Гранттар беру бағыттары бойынша үлестіруге сәйкес сараптама комиссиясының әрбір мүшесіне бағалау жүргізу үшін берілген өтінімдер саны мынадай:

Сапаршының аты-жөніБағалау жүргізу үшін берілген өтінімдер саныКонкурстық комиссияның отырысында қосымша бағалау жүргізу үшін берілген өтінімдер саныБағалау жүргізілген өтінімдердің жалпы саны
1.Джайлаубаева Данагуль Багитжановна808
2.Бейсенова Айгуль Аманжановна808
3.Шаяхметова Жанна Бекполовна808
4.Сабирова Жадыра Жумаевна808
5.Усманова Виктория Евгеньевна808

Екінші сұрақ бойынша шешім: Бағалау жүргізілген өтінімдердің жалпы саны 8 өтінімді құрайды.

Күн тәртібінің үшінші мәселесі бойынша:

Грант алушыларды іріктеу мақсатында өтінімдерге тәуелсіз бағалау жүргізу жөніндегі 5 адамнан тұратын сараптамалық комиссия 5 ҮЕҰ-нан түскен 8 өтінімге тәуелсіз сараптама жүргізді.

Өтінімдер сараптамалық комиссияның әрбір мүшесіне дербес қолжетімділікті ұсына отырып, бұлтты сақтау арқылы жіберілді.

Сараптама комиссиясы мүшелерінің әрбір жобаға түсініктемелері сараптама комиссиясы мүшелерінің бағалау парақтарында көрсетіледі.

Сарапшылар бағалау парақтарында әрбір өтінім бойынша Қағидалардың  8-қосымшасына сәйкес балдар береді.

1-кесте

Басым бағыттың атауыІске асырылу мерзіміГрант сомасы (мын тенге)Өтінім берушіДжайлаубаева Данагуль БагитжановнаБейсенова Айгуль АманжановнаШаяхметова Жанна БекполовнаСабирова Жадыра ЖумаевнаУсманова Виктория ЕвгеньевнаБарлығы
Атырау қаласында отбасылық демографиялық және гендерлік саясатты жүзеге асыруқысқа мерзімді5 000,0«Ой бренд» қоғамдық қоры4624443954207
«Жарқын ЖанҰя» қоғамдық бірлестігі4329383854202
«Астана әйелдер ақпараттық орталығы»жеке меншік мекемесі2634382754179
«ҚСА» Республикалық студенттер қозғалысы» қоғамдық бірлестігі4837414249217
Атырау қаласында зорлық зомбылықтың алдын-алуқысқа мерзімді3 000,0«Ой бренд» қоғамдық қоры4724343744186
«Жарқын ЖанҰя» қоғамдық бірлестігі4128373044180
«JETISTIK» қоғамдық қоры2239301640147
«Астана әйелдер ақпараттық орталығы»жеке меншік мекемесі2834273255176

Үшінші мәселе бойынша шешім: Өтінімдерді тәуелсіз бағалауды жүргізу нәтижелері бойынша және сараптама комиссиясының дауыс беруі арқылы мынадай үкіметтік емес ұйым жеңімпаз болып анықталды:

Басым бағыттың атауыІске асырылу мерзіміҮЕҰ атауыЖалпы балл
1.Атырау қаласында отбасылық демографиялық және гендерлік саясатты жүзеге асыруқысқа мерзімді«ҚСА» Республикалық студенттер қозғалысы» қоғамдық бірлестігі217
2.Атырау қаласында зорлық зомбылықтың алдын-алуқысқа мерзімді«Ой бренд» қоғамдық қоры186

Сараптама комиссиясы төрағасы  _____________ Бейсенова А.А.

Жарияланған күні: