2025 жылғы 5 наурыздағы конкурс қорытындысы бойынша сараптама комиссиясы отырысының №1 хаттамасынан үзінді

Жарияланған күні: 05.03.2025


           «Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігі» ММ Министрінің «Үкіметтік емес ұйымдарға берілетін мемлекеттік гранттардың басым бағыттарының 2025 жылға арналған тізбесін бекіту туралы» 2025 жылғы «06» қаңтардағы №1-НҚ бұйрығымен бекітілген 2025 жылғы «15» қаңтардағы жарияланған конкурс шеңберінде Грант алушыларды іріктеу мақсатында «Жастар саясаты мен балалар бастамаларын қолдау» саласы бойынша өтінімдерді тәуелсіз бағалау нәтижелері бойынша сараптамалық комиссия отырысының

№1  ХАТТАМАСЫ

Астана қ.                                                                           2025 жылғы «05» наурыз

Отырысқа қатысты:

ТАӘҚатысу туралы мәліметтер
1.Дастан Исламбек Дастанұлықатысқан жоқ
2.Түстікбаев Ілияс Нұрболұлықатысқан жоқ
3.Мажит Алишер МажитулыZOOM арқылы қашықтан қатысты
4.Сванкулова Асель БоранбаевнаZOOM арқылы қашықтан қатысты
5.Жайлыбаева Айгуль РымкуловнаZOOM арқылы қашықтан қатысты

Шешімдер қабылдау үшін кворумның болуы туралы мәліметтер (сараптама комиссиясы мүшелерінің жалпы санының кемінде үштен екісі): бар.

Әрбір өтінімге Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрінің 2022 жылғы 26 қыркүйектегі № 406 бұйрығымен бекітілген Мемлекеттік гранттарды қалыптастыру, беру, мониторингтеу және олардың тиімділігін бағалау қағидаларының (бұдан әрі – Қағидалар) 8-қосымшасында бекітілген көрсеткіштер бойынша балдар берілді.

Күн тәртібі:

  1. Сараптама комиссиясының төрағасын сайлау.
  2. Сараптама комиссиясының әрбір мүшесіне бағалау жүргізу үшін берілген өтінімдер санын айқындау.
  3. Үкіметтік емес ұйымдарға (бұдан әрі – ҮЕҰ) мемлекеттік гранттар беруге арналған конкурс шеңберінде өтінімдерге тәуелсіз бағалау жүргізу нәтижелері бойынша Грант алушыларды айқындау.

Күн тәртібінің бірінші мәселесі бойынша:

Сараптама комиссиясының қатысып отырған мүшелері барлық кандидатураларды қарап, Сараптама комиссиясының Төрағасы ретінде Жайлыбаева Айгуль Рымкуловнаны сайлауға шешім қабылдады.

Күн тәртібінің екінші мәселесі бойынша:

Гранттар беру бағыттары бойынша үлестіруге сәйкес сараптама комиссиясының әрбір мүшесіне бағалау жүргізу үшін берілген өтінімдер саны мынадай:

Сапаршының аты-жөніБағалау жүргізу үшін берілген өтінімдер саныКонкурстық комиссияның отырысында қосымша бағалау жүргізу үшін берілген өтінімдер саныБағалау жүргізілген өтінімдердің жалпы саны
1.Дастан Исламбек Дастанұлы11011
2.Түстікбаев Ілияс Нұрболұлы11011
3.Мажит Алишер Мажитулы11011
4.Сванкулова Асель Боранбаевна11011
5.Жайлыбаева Айгуль Рымкуловна11011

Екінші сұрақ бойынша шешім: Бағалау жүргізілген өтінімдердің жалпы саны 11 өтінімді құрайды.

Күн тәртібінің үшінші мәселесі бойынша:

Грант алушыларды іріктеу мақсатында өтінімдерге тәуелсіз бағалау жүргізу жөніндегі 5 адамнан тұратын сараптамалық комиссия 11 ҮЕҰ-нан түскен 11 өтінімге тәуелсіз сараптама жүргізді.

Өтінімдер сараптамалық комиссияның әрбір мүшесіне дербес қолжетімділікті ұсына отырып, бұлтты сақтау арқылы жіберілді.

Сараптама комиссиясы мүшелерінің әрбір жобаға түсініктемелері сараптама комиссиясы мүшелерінің бағалау парақтарында көрсетіледі.

Сарапшылар бағалау парақтарында әрбір өтінім бойынша Қағидалардың                        8-қосымшасына сәйкес балдар береді.

                                                                                                                      1-кесте

Басым бағыттың атауыІске асырылу мерзіміГрант сомасыӨтінім берушіДастан Исламбек ДастанұлыТүстікбаев Ілияс НұрболұлыМажит Алишер МажитулыСванкулова Асель БоранбаевнаЖайлыбаева Айгуль РымкуловнаҚорытынды
Қылмыстық жазасын өтеген жастар қатарындағы адамдарды оңалту және бейімдеу жөніндегі іс-шаралар кешенін жүргізуОрта мерзімді60 000 000«Арман АНК» аймақтық қоғамдық бірлестігі5236332835184
Орта мерзімді60 000 000«АЛГОРИТ – MIX» қоғамдық қоры6036463428204
Орта мерзімді60 000 000«Azamatsha KZ қайырымдылық қоры» қоғамдық қоры5246243848208
Орта мерзімді60 000 000Жамбыл облыстық пікірсайыс одағы «Еркін пікір» жастар қоғамдық бірлестігі5854384963262
Орта мерзімді60 000 000«Саналы қоғам» қоғамдық қоры5850324245227
Орта мерзімді60 000 000«Антарес А» қоғамдық қоры6958615155294
Орта мерзімді60 000 000«Жаңа самғау» қоғамдық қоры6345333627204
Орта мерзімді60 000 000«Қоғамдық ақпарат қоры» қоғамдық қоры5865347173301
Орта мерзімді60 000 000«Солидарность» әлеуметтік даму қоры» қоғамдық қоры5837214266224
Орта мерзімді60 000 000«Кәсіби әлеуметтік қызметкерлердің ұлттық альянсы» республикалық қоғамдық бірлестігі4846373971241
Орта мерзімді60 000 000 «GLOBAL HELP» қайырымдылық қоры» қоғамдық қоры5836222039175

Үшінші мәселе бойынша шешім: Өтінімдерді тәуелсіз бағалауды жүргізу нәтижелері бойынша және сараптама комиссиясының дауыс беруі арқылы мынадай үкіметтік емес ұйым жеңімпаз болып анықталды:

Басым бағыттың атауыІске асырылу мерзіміҮЕҰ атауыЖалпы балл
1Қылмыстық жазасын өтеген жастар қатарындағы адамдарды оңалту және бейімдеу жөніндегі іс-шаралар кешенін жүргізуОрта мерзімді«Қоғамдық ақпарат қоры» қоғамдық қоры301

Документы