Жұмыс тобының кезекті отырысы өтті

Жарияланған күні: 28.09.2021


27 қыркүйекте Азаматтық бастамаларды қолдау орталығының алаңында гранттар беру және олардың мониторингін жүзеге асыру қағидаларына өзгерістер енгізу жөніндегі жұмыс тобының кезекті отырысы өтті.
Құрамында үкіметтік емес сектордың, сарапшылар қауымдастығының, сондай-ақ ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің өкілдері бар жұмыс тобы отырыс барысында жақында күшіне енген Қазақстан Республикасының Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексін негізге ала отырып, гранттар беру қағидаларына енгізілетін бірқатар өзгерісті талқылады.
Кодекстің негізгі мақсаты – мемлекеттік органдармен түсініспеушілік туындаған жағдайларда жеке және заңды тұлғалардың құқықтары мен мүдделерін қорғау.
Жұмыс тобы отырысының қорытындысы бойынша гранттар берудің және олардың мониторингін жүзеге асыру қағидаларының өзгертілген жобасы мемлекеттік органдардың қарауына жолданды.