Жастардың отбасылық құндылықтарын қалай нығайту керек?

Жарияланған күні: 16.04.2021


Қазақстанда отбасылық құндылықтарды нығайту байланысты республикалық фронт-офис өз жұмысын бастады. Бұл туралы “EN BAQYTTY El” ҚҚ директоры Кәмила Сүлейменова “EN BAQYTTY EL” қоғамдық қорының “Жастар арасында отбасылық құндылықтарды нығайту жөніндегі шараларды институционализациялау” жобасының басталуына арналған онлайн баспасөз-конференциясы барысында хабарлады.

Түрлі форматты онлайн-семинарлар мен тренингтер өткізу есебінен фронт-офис жұмысы жастар мен жастарға консультациялық көмек көрсетуге бағытталатыны белгілі болды.

“Отбасы-неке қатынастары мәселелері бойынша жастарға және отбасыларға консультациялық қызмет көрсету бойынша арнайы әдістемелік оқулықтар шығару жоспарлануда. Нәтижесінде отбасылық құндылықтарды нығайту, отбасын біріктіру және психологиялық сау қоғамды дамыту маңыздылығы туралы ақпараттандырылған азаматтардың саны артады”, – деп түйіндеді Камиля Сүлейменова.

Жастар және отбасы істері комитетінің төрағасы Шахмардан Байманов жобаның басталғанын ресми түрде жариялады.

Өзінің құттықтау сөзінде отбасы институтын дамыту мен нығайтуда жобаның маңыздылығын атап өтті: “Жастардың ағартушылық қызметін әлеуметтік желілер, Yоtube арнасы арқылы жүргізу және жобаның барынша көп бенефициарларын қамтуға және қазақстандықтарға отбасылық құндылықтарды дарытуға мүмкіндік беретін қамту маңызды”.

Іс-шараға БҰҰ-ның Қазақстандағы халықтың қоныстануы саласындағы қорының (ЮНФПА) атқарушы директоры Райымбек Сисемалиев қатысып, “Жасөспірімдер мен жастардың репродуктивті денсаулығын қорғау жас отбасы денсаулығының маңызды факторларының бірі ретінде”атты баяндама жасады.

“Қазақстанның Әкелері ” Республикалық әкелер қауымдастығы төрағасы Аманғос Құлов, баспасөз конференциясы барысында отбасылық дәстүрлер мен отбасылық құндылықтарды қалыптастырудағы ер/әкенің рөлі туралы айтып берді.  “Отбасының беріктігі мен тұрақтылығы көбінесе отбасының басшысына  Ер адамға байланысты, сондықтан біз білім беру мекемелерінде саналы әке болу тақырыбында жастармен және жасөспірімдермен іс – шаралар өткіземіз”, – деп атап өтті Аманғос Құлов.

Қазақстан медиаторлар қауымдастығының атынан Ақнұр Жұмабаеваның сөзі “Отбасындағы жанжалды жағдайларды шешудегі медиативтік технологиялар”тақырыбына арналды.

“JANYM”қоғамдық бірлестігінің атқарушы директоры Наталья Клюжина жас жұбайларға, жасөспірімдерге, жастарға неке қиғанға дейін саналы түрде ерлі – зайыптылық тақырыбында ағарту жұмыстарын жүргізудің маңыздылығы туралы баяндама жасады.

Іс-шараға жастар және отбасы істері комитетінің төрағасы Шахмардан Байманов, “EN BAQYTTY El” ҚҚ директоры Камлия Сүлейменова, Азаматтық бастамаларды қолдау орталығының өкілдері, жоба серіктестері және т. б. қатысты.

Жоба Азаматтық бастамаларды қолдау Орталығының қолдауымен жүзеге асырылуда.

Бағдарлама үйлестірушісі – “EN BAQYTTY EL”қоғамдық қоры.

Барлық сұрақтар бойынша телефон арқылы хабарласыңыз: +7 701 642 7008, +7 701 242 70 93.