Жарияланған күні: 13.07.2021
Жасөспірімдер суицидінің алдын алу бойынша 1200-ден астам ата-ана мен қамқоршыға тренингтер өткізілді.
“Жастар арасында суицидтің алдын алу бойынша шаралар кешенін әзірлеу және іске асыру” жобасы аясында қазақстандық ата-аналар мен қамқоршылар үшін тренингтер топтамасы өтті. Жоспар сәйкес 1000 ата-ананы оқыту көзделген, бірақ ұйымдастырушылардың айтуынша, іс-шараға 1200-ден астам адам қатысты.
Жоба үйлестірушісі Айгүл Беймішованың айтуынша, онлайн-оқудан өткен ата – аналардың басым бөлігі Шығыс Қазақстан облысынан келген, ал ең көп сұрақтар Қостанай облысының тыңдаушыларынан қойылды.
“Бірақ ата – аналар қай аймақтан қатысса да, оларды толғандырған сұрақтар ұқсас болды. Мазасыз мінез-құлық белгілерін қалай тануға болады? Балалармен ортақ тілді қалай табуға болады? Жасөспірімдерді трагедиядан қорғау үшін ересектер не істеуі керек?», – деді А.Беймішева,
Тамыз айынан бастап жоба аясында берілген білімді жергілікті деңгейде одан әрі тарату үшін облыстық деңгейдегі жаттықтырушыларға арналған тренингтер өтеді.
Сонымен қатар, жақын арада Қазақстанда алғаш рет “Қазақстан жастары арасында суицидтің алдын алу бойынша профилактикалық іс-шаралардың сапасын бағалау атласы” және “Жас адамның әлеуметтік-психологиялық салауаттылық индексі” әзірленетін болады.
Жасөспірімдер суицидінің алдын алу жобасын Азаматтық бастамаларды қолдау орталығының қолдауымен “Қазақстанның тең құқықтары мен тең мүмкіндіктері институты” ҚҚ жүзеге асырады.