Жас қазақстандықтар психикалық денсаулық мәселелері бойынша көмек алады

Жарияланған күні: 17.09.2021


Жас қазақстандықтар психикалық денсаулық мәселелері бойынша көмек алады

«Дағдарыс орталықтары одағы» ЗТБ сенім телефонына 2021 жылдың бірінші жартыжылдығында психикалық денсаулық мәселелері бойынша балалар мен жастардан 7 мыңнан астам қоңырау түсті.
ДДСҰ-ның «әлемдегі суицид мәселесі, 2019» құжатында жарияланған соңғы бағалауларына сәйкес, суицид бүкіл әлемде өлімнің басты себептерінің бірі болып қала береді. Жыл сайын өз-өзіне қол жұмсаудың нәтижесінде АҚТҚ, безгек, сүт безі қатерлі ісігінен немесе соғыс пен кісі өлтіру оқиғалары салдарынан көз жұмған адамдар санынан әлдеқайда артық адам өмірімен қоштасады. 2019 жылы суицидтің салдарынан 700 000-нан астам адам өмірін қиды. Бұл әрбір 100 өлімнің бірі адамдардың өзіне қол жұмсауынан болатынын білдіреді.
15-29 жас аралығындағы азаматтар өлімінің негізгі себептерінің ішінде суицид жол-көлік оқиғаларынан, туберкулезден және тұлғааралық зорлық-зомбылықтан кейінгі төртінші орында.
ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің тапсырысы бойынша «Дағдарыс орталықтарының одағы» ЗТБ Азаматтық бастамалар Орталығымен бірлесіп, Қазақстанның барлық өңірлерінде жастардың психикалық денсаулығына ерекше көңіл бөлуге бағытталған жобаны жүзеге асыруда. Ол 2021 жылдың тамыз айынан бастап жүзеге асырылуда. Оның аясында жедел желі нөмірі жұмыс істейді, желі арқылы қазақстандықтар оператор-психологтардан ғана емес, заңгерлер мен басқа мамандардан да жедел, сапалы көмекті алады.
ҮЕҰ ақпараты бойынша, бірінші жартыжылдығында ұйымның жедел желісіне психикалық денсаулық мәселелері бойынша балалар мен жастардан 7 240 қоңырау түскен.
Мамандардың көмегін 150 нөмірі арқылы алуға болады.