Жарияланған күні: 18.05.2023
Елімізде ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің қолдауымен ««Fenomen jas «Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік жылдарында жетістікке жеткен жастардың табысты өкілдерін ілгерілету» жобасы басталды.
Жоба аясында жастар жаңа адамдармен танысып, өз дағдыларын ұштайды, табысты отандастарының жеңістерінен шабыт алады. Жобаны «Қызылорда облысы «Жас Ұлан» бірыңғай балалар-жасөспірімдер ұйымы» ҚБ жүзеге асырады.
Жоба үйлестірушісі Ақбота Ақмамбеттің айтуынша, жобаны іске асыру аясында түрлі іс-шараларды өткізу жоспарланған.
«Қазіргі таңда біз қазақстандық жастардың ең белсенді өкілдерімен мотивациялық кездесулерді өткізіп жатырмыз. Алдағы уақытта сарапшылардың қатысуымен «TED talks» форматында мемлекеттік бастамаларды іске асырудың жолдарын талқылауды жоспарлап отырмыз. Әр іс-шарадан кейін танысу, идеялар мен ұсыныстарды талқылау, тәжірибесімен алмасуға арналған нетворкинг – алаңдар ұйымдастырылады», – дейді Ақбота Ақмамбет.
Сондай-ақ, жобаны ұйымдастырушылар маусым айында «Jastar tańdńaýy» онлайн-марафонын өткізбек. 100 күн ішінде әр қатысушы күнделікті өміріне пайдалы әдеттер мен дағдыларды енгізуді үйренеді.
Сонымен қатар, жоба аясында «Ментор және Менти» тәлімгерлік мектебін іске қосылып, сарапшылар түрлі семинар-тренингтерді өткізеді деп жоспарлануда.
Жоба 2024 жылдың соңына дейін іске асырылады. Жоба операторы – Азаматтық бастамаларды қолдау орталығы.