Жарияланған күні: 15.04.2022
Қазақстанда Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің тапсырысы бойынша жас қазақстандықтардың өмірлік дағдыларын дамытуға бағытталған жоба іске асырыла бастады.
Ұйымдастырушылардың атап өтуінше, жастарды әлеуметтік бағдарлау дағдыларын арттыру –жобаның негізгі мақсаттарының бірі болып табылады.
«Жоба қандай нәтижелерге қол жеткізуге мүмкіндік береді? Біріншіден, ол жергілікті қауымдастықтардың проблемаларын көру және оларды шешу мүмкіндіктерін қалыптастыруға көмектеседі. Жастар арасында көшбасшылық, ынтымақтастық, креативті және сыни ойлау және т.б. сияқты өмірлік дағдыларды дамытуға септігін тигізеді. Қатысушылар өз ойларын, идеяларын қазіргі жағдайда сәтті іске асыруы үшін қажетті әлеуметтік тәжірибеге ие болады», – деді жобаны таныстыру барысында жоба жетекшісі Тимур Ысқақов.
Жоба шеңберінде ақпараттық-консультациялық қолдаушаралары ұйымдастырылатын болады.
«Жобаны жүзеге асыруға қоғам көшбасшылары мен блогерлер, психологтар, табысты кәсіпкерлер, кәсіби жаттықтырушылар атсалысады. Қазақстанда біздің жастарымыз үшін үлгі бола алатын табысты және талантты адамдар жеткілікті», – дейді Тимур Ысқақов.
Бағдарламада өмірлік дағдыларды, әлеуметтік инновациялар мен кәсіпкерлікті нығайту үшін әртүрлі тәсілдер қарастырылған. Жобаның міндеттері, бірінші кезекте, халықтың осал топтарындағы жастар мен жасөспірімдердің мүмкіндіктерін кеңейтуге бағытталған.
Қоғам белсенділері жоба қатысушыларға өз дағдыларын дамытуға, өз идеяларын тұжырымдамалаудан бастап іске асыруға дейін дамытуда тәжірибе жинауға көмектесетініне сенімді.