Жапония Үкіметінің «KUSANONE» бағдарламасы шеңберінде конкурсқа қатысуға өтінімдер қабылдау жүргізілуде

Жарияланған күні: 24.03.2022


Қазақстандық қоғамшылдардың Жапония Үкіметінің «KUSANONE (Корни травы/Шөп тамыры)» бағдарламасы аясында қолдау алу мүмкіндігі бар

«KUSANONE (Корни травы/Шөп тамыры)» – бұл Жапония Үкіметінің адам қауіпсіздігін қамтамасыз ету жөніндегі шағын ауқымдағы әлеуметтік жобаларға өтеусіз көмек көрсету жөніндегі бағдарламасы.

Бағдарламаның негізгі мақсаты халықтың қарапайым топтарына жәрдемдесу, олардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету және әлеуетін арттыру арқылы тұрақты жеке тәуелсіздікті көтермелеу және жергілікті тұрғындардың әлеуметтік дамуы болып табылады.

Конкурстың мақсаты: адам қауіпсіздігін қамтамасыз ету бойынша шағын ауқымдағы әлеуметтік жобаларға өтеусіз көмек көрсету, тұрақты жеке тәуелсіздікті көтермелеу және жергілікті тұрғындардың әлеуметтік дамуы

Конкурс шарттары:

Байқауға жергілікті билік органдары, медициналық мекемелер, білім беру мекемелері, үкіметтік емес ұйымдар, қоғамдық ұйымдар, қоғамдық қорлар қатыса алады

Жобалардың басым бағыттары: денсаулық сақтау, білім беру саласы, әлеуметтік қамтамасыз ету, экология, қоршаған ортаны қорғау, кедейлікпен күрес және т.б.

Бір жобаның құны 10 млн. жапон йеніне дейін, яғни шамамен 85 мың АҚШ долларын құрауы мүмкін (2022 ж. наурыз айына)

Өтінім берудің соңғы мерзімі:

Өтінімдерді қабылдау жыл бойы жүзеге асырылады: көктемгі кезең – ағымдағы жылдың 30 сәуіріне дейін, күзгі кезең – ағымдағы жылдың 31 тамызына дейін.

Толық ақпаратты келесі сілтеме бойынша табуға болады: https://www.kz.emb-japan.go.jp/itpr_ru/cooperation.html