Жануарларға жауапкершілікпен қарауды қалыптастыру бойынша Шағын Гранттар конкурсы бойынша өтініштерді қабылдау мерзімі ұзартылды

Жарияланған күні: 26.05.2021


Жануарларға жауапкершілікпен қарауды қалыптастыруға бағытталған “Birgemiz: Аyala” жобасы шеңберінде шағын гранттар конкурсы бойынша өтініштерді қабылдау мерзімі ұзартылды. Өтінімдер 2021 жылдың 8 маусымы, сағат 20:00-ге дейін (Нұр-Сұлтан уақыты бойынша) қабылданады.
Естеріңізге сала кетейік, конкурстың мақсаты – волонтерлік бастамаларды және жануарларға жауапкершілікпен қарауды қалыптастыру жөніндегі жобаларды дамытуға, волонтерлердің жеке бастамаларын қолдауға бағытталған конкурсты ұйымдастыру және 5 шағын грант (әрбір жобаға 500 мың теңге) бөлу.
Шағын гранттар конкурсына қатысуға Қазақстан Республикасының бастамашыл топтары мен үкіметтік емес ұйымдары жіберіледі. Оған еліміздің барлық өңірлерінің тұрғындары қатыса алады, алайда жоба Нұр-Сұлтан қаласының аумағында жүзеге асырылады. Байқау ережесін Instagram @league_volunteers және @birgemiz ayala. парақшаларынан табуға болады.
Шағын гранттар беруге арналған конкурс 5 тақырып бойынша жарияланады:
1. Балалар мен жасөспірімдер арасында жануарларға деген жанашырлық сезімін қалыптастыру акциясы;
2. Жануарларға қарым-қатынас мәдениетін өзгертуге бағытталған флешмоб;
3. Қоғамдық назар аудару бойынша жануарлардың фотокөрмесі;
4. Тегін ветеринариялық қызмет көрсету;
5. Жануарларға жауапкершілікпен қарауды қалыптастыруға бағытталған әлеуметтік бейнероликтер.
Жануарларға жауапкершілікпен қарауды қалыптастыруға бағытталған “Birgemiz: Ayala” жобасы “Азаматтық бастамаларды қолдау орталығы” КЕАҚ мемлекеттік гранты аясында жүзеге асырылуда.
Барлық сұрақтар бойынша келесі нөмірге хабарласуға +7 707 597 3421 немесе электрондық поштаға birgemiz.ayala@gmail.com жазуға болады.