Жалпы құны 150 000 АҚШ долларын құрайтын ағылшын тілі мұғалімдерінің біліктілігін арттыру бағдарламасын іске асыру бойынша грантқа конкурс жарияланды

Жарияланған күні: 25.05.2022


Жалпы құны 150 000 АҚШ долларын құрайтын ағылшын тілі мұғалімдерінің біліктілігін арттыру бағдарламасын іске асыру бойынша грантқа конкурс жарияланды

 

Нұр-Сұлтандағы АҚШ Елшілігінің Қоғаммен Байланыс бөлімі FHI360 американдық коммерциялық емес ұйымымен серіктестікте орта мектептердегі ағылшын тілі мұғалімдерінің біліктілігін арттыру бағдарламасын іске асыру бойынша ашық конкурсқа өтінімдер қабылдауының басталғаны туралы хабарлайды. Таңдалған ұйым FHI360-пен субпремия туралы келісім жасасып, АҚШ Елшілігінің  2020-2021 жылдарға арналған Педагогикалық Университетінің Даму жобасы (PUDP) тәжірибесі негізінде жаттықтырушыларды оқыту бойынша іс-шараларды жүзеге асырады.

 

Байқаудың мақсаты: Қазақстан Республикасының үштілді білім беру саласындағы саясатын қолдау мақсатында таңдалған университеттер мен орта мектептерде оқытудың әдістерін жаңғырту.

 

Гранттың құны 150 000 АҚШ долларын құрайды.

 

Конкурс шарттары:

  • Конкурсқа қатысуға өтінім беруге құқығы бар:
    • Талдау орталықтарын және азаматтық қоғам ұйымдарын қоса алғанда, коммерциялық емес ұйымдар / білім беру саласында жұмыс істейтін үкіметтік емес ұйымдар
    • Коммерциялық емес мемлекеттік білім беру мекемелері
  • Барлық құжаттар ағылшын тілінде болуы керек
  • Келісімді алушы бір ғана үкіметтік емес ұйым бола алады

 

Өтінім берудің соңғы мерзімі: 15 маусым 2022 жыл, 23: 59 (GMT +6).

 

Толық ақпаратты келесі сілтеме бойынша табуға болады:

https://kz.usembassy.gov/notice-of-funding-opportunity-english-language-programming/