Ұжымның ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Нұр-сұлтан қаласы бойынша Департаментінің өкілімен кездесу

Жарияланған күні: 16.11.2021


Сыбайлас жемқорлықтың алдын алу мақсатында бүгін Азаматтық бастамаларды қолдау орталығының алаңында ұжымның ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Нұр-сұлтан қаласы бойынша Департаментінің өкілімен кездесуі ұйымдастырылды.
ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Нұр-сұлтан қаласы бойынша департаментінің превенция және парасаттылық Басқармасының Аса маңызды істер жөніндегі офицері Алмагүл Кенебаева біздің ұжымға сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнамадағы өзгерістер, сыбайлас жемқорлық ұғымы, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл шараларын жетілдіру, квазимемлекеттік сектор қызметкерлері арасында заңдылық пен сыбайлас жемқорлыққа қарсы тәртіпті орнату туралы айтып берді.
Кездесу қорытындысы бойынша екіжақты ынтымақтастықты одан әрі дамыту және ұжымды осы бағытта оқыту мәселелері талқыланды.