Үкіметтік емес ұйымдар үшін мемлекеттік емес грант беруге арналған конкурс шеңберінде хабарландыру талаптарына сәйкестігіне
өтінімдерді қарастыру нәтижелерінің
ҚОРЫТЫНДЫСЫ
Мемлекеттік емес гранттық қаржыландыру жөніндегі жобалық кеңсе «Азаматтық бастамаларды қолдау орталығы» КЕАҚ (бұдан әрі – Орталық) 2021 жылғы 25 тамызда жарияланған үкіметтік емес ұйымдарға (бұдан әрі – ҮЕҰ) арналған «National Teacher Prize Kazakhstan – «Қазақстан мұғалімі» ұлттық сыйлығы» қайырымдылық жобасын іске асыру шеңберіндегі «Barine Bilim» шағын гранттар жобасы» тақырыбындағы мемлекеттік емес грант беруге арналған конкурстың нәтижелері бойынша 6 ҮЕҰ – дан 6 өтінім, оның ішінде мемлекеттік тілде – 4 ҮЕҰ-дан 4 өтінім, орыс тілінде – 2 ҮЕҰ-дан 2 өтінім келіп түскенін хабарлайды.
Өтінімдерді қабылдау 2021 жылғы 03 қыркүйекте Нұр-Сұлтан қ.уақытымен сағат 18-00-де аяқталды.
Ағымдағы жылғы 7 қыркүйекте өтінімдердің хабарландыруда көрсетілген талаптар мен шарттарға, оның ішінде тақырыпқа, мақсатқа, міндеттерге, іске асыру мерзіміне, қамтитын аумағына, бөлінген қаражат көлеміне, жобаны іске асырудан күтілетін нәтижеге сәйкестігіне тексеру аяқталды.
Мемлекеттік емес гранттық қаржыландыру бойынша жобалық кеңсенің қызметкерлерімен келесі жұмыстар жүргізілді:
1) өтінімдердің хабарландыруда көрсетілген талаптар мен шарттарға, оның ішінде тақырыпқа, мақсатқа, міндеттерге, іске асыру мерзіміне, қамтитын аумағына, бөлінген қаражат көлеміне, жобаны іске асырудан күтілетін нәтижеге сәйкестігіне қарастыру;
2) ҮЕҰ дерекқорында мәліметтердің болуын тексеру.
Хабарландыру талаптары мен шарттарына сәйкестігіне тексеруден өткен өтінімдер конкурстық комиссия мүшелеріне бағалау жүргізуге жіберілетін болады.
Хабарландырудың 2-тармағына сәйкес мынадай жағдайларда Орталық конкурсқа қатысудан бас тартады және өтініш берушіге тиісті хабарлама жібереді:
- Өтінім хабарландыруда көрсетілген талаптар мен шарттарға, яғни, тақырыбы, мақсаты, міндеттері, іске асыру мерзімі, қамтитын аумағы, бөлінген қаражат көлемі, іске асырудан күтілетін нәтижесі сәйкес келмесе;
- Заңның 6-1-бабының 3-тармағы бойынша Үкіметтік емес ұйымдардың дерекқорында өтініш беруші туралы мәліметтер болмаса.
Жоғарыда айтылғандарға байланысты келесі мәселені қарастыруды сұраймын:
- Хабарландырудың талаптары мен шарттарына сәйкес келмеуіне байланысты төмендегі өтініш берушілерге мемлекеттік емес грант беру конкурсына қатысудан бас тарту туралы:
№ р/н | № тақырып | Тақырыбы | ҮЕҰ атауы | Анықталған сәйкессіздіктер | Ескертпе |
Хабарландырудың 2-тармағы (өтінімнің тақырыпқа, мақсатқа, міндеттерге, іске асыру мерзіміне, аумақтық қамтылуына, бөлінген қаражат көлеміне, жобаны іске асырудан күтілетін нәтижеге сәйкес келмеуі) | |||||
1. | 1 | National Teacher Prize Kazakhstan – «Қазақстан мұғалімі» ұлттық сыйлығы» қайырымдылық жобасын іске асыру шеңберіндегі «Barine Bilim» шағын гранттар жобасы | «Институт общественного здравоохранения» жеке меншік мекемесі | Өтінімнің мақсатқа, міндеттерге, іске асырудан күтілетін нәтижеге сәйкес келмеуі | |
2. | 1 | National Teacher Prize Kazakhstan – «Қазақстан мұғалімі» ұлттық сыйлығы» қайырымдылық жобасын іске асыру шеңберіндегі «Barine Bilim» шағын гранттар жобасы | «Golden Qazagstan» жастар қоғамдық бірлестігі | Өтінімнің мақсатқа, міндеттерге, іске асырудан күтілетін нәтижеге сәйкес келмеуі | |
Хабарландырудың 3-тармағы (Өтінімді уақтылы енгізбеу)
|
|||||
№ р/н | № тақырып | Тақырыбы | ҮЕҰ атауы | Анықталған сәйкессіздіктер | Ескертпе |
1. | 1 | National Teacher Prize Kazakhstan – «Қазақстан мұғалімі» ұлттық сыйлығы» қайырымдылық жобасын іске асыру шеңберіндегі «Barine Bilim» шағын гранттар жобасы | «Тәуелсіз ел Жастары» қоғамдық қоры | Өтінімді уақтылы енгізбеу |
Осылайша, барлық рәсімдерді аяқтау нәтижелері бойынша конкурстық комиссия мүшелерінің қарауына 3 ҮЕҰ-дан 3 өтінім, оның ішінде мемлекеттік тілде 2 ҮЕҰ-дан 2 өтінім жіберіледі:
№№р/н | № тақырып | Тақырып атауы | Өтінімдер саны |
1. | 1 | National Teacher Prize Kazakhstan – «Қазақстан мұғалімі» ұлттық сыйлығы» қайырымдылық жобасын іске асыру шеңберіндегі «Barine Bilim» шағын гранттар жобасы | 3 |
Мемлекеттік емес гранттық қаржыландыру
бойынша жобалық кеңсенің директоры Каримова А.