ҮЕҰ Қарағанды облысының Тілдерді дамыту жөніндегі басқармасының тапсырысы бойынша гранттық конкурсқа қатыса алады

«АЗАМАТТЫҚ БАСТАМАЛАРДЫ ҚОЛДАУ ОРТАЛЫҒЫ» КЕАҚ «ҚАРАҒАНДЫ ОБЛЫСЫНЫҢ ТІЛДЕРДІ ДАМЫТУ ЖӨНІНДЕГІ БАСҚАРМАСЫ» ММ ТАПСЫРЫСЫ БОЙЫНША ҮКІМЕТТІК ЕМЕС ҰЙЫМДАРҒА АРНАЛҒАН МЕМЛЕКЕТТІК ГРАНТТАРДЫ БЕРУГЕ КОНКУРС ЖАРИЯЛАЙДЫ

 

  1. Үкіметтік емес ұйымдарды гранттық қаржыландыру саласындағы Оператор

«Азаматтық бастамаларды қолдау орталығы» коммерциялық емес акционерлік қоғамы (бұдан әрі – Оператор) – Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 31 желтоқсандағы №1192 қаулысына сәйкес үкіметтік емес ұйымдарды гранттық қаржыландыру саласындағы оператор болып табылады. 

  1. Конкурс туралы

Оператор «Қарағанды облысының тілдерді дамыту жөніндегі басқармасы» ММ тапсырысы бойынша үкіметтік емес ұйымдарға (бұдан әрі – ҮЕҰ) 2024 жылға арналған мемлекеттік гранттар беруге Конкурс жариялайды.

Конкурс «Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс, стратегиялық әріптестікті іске асыруға арналған мемлекеттік тапсырыс, үкіметтік емес ұйымдарға арналған гранттар және сыйлықақылар туралы» Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 12 сәуірдегі №36 Заңына (бұдан әрі – Заң), Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрінің 2022 жылғы 26 қыркүйектегі №406 бұйрығымен бекітілген Мемлекеттік гранттарды қалыптастыру, беру, мониторингтеу және олардың тиімділігін бағалау қағидаларына (бұдан әрі – Қағидалар) (сілтеме: adilet.zan.kz/kaz/docs/V2200029848) сәйкес азаматтық бастамаларды қолдау, азаматтық қоғам институттарының әлеуетін әлеуметтік саланы дамытудың өзекті мәселелерін шешуге тарту мақсатында өткізіледі.

  1. 2024 жылға мемлекеттік гранттар беруге арналған Конкурс мынадай басым бағыттар бойынша жарияланады:
№№ Заңның 5-бабының 1-тармағына сәйкес мемлекеттік грант саласы Мемлекеттік гранттың басым бағыты Мәселенің қысқаша сипаттамасы Қаржыландыру көлемі (мың теңге) Грант түрі Нысаналы индикатор Материалдық-техникалық базаға қойылатын талаптар
(ұзақ мерзімді гранттарды іске асыру кезінде ғана белгіленеді)
1. Қоғамдық келісімді және жалпыұлттық бірлікті нығайту Мемлекеттік тілді дамыту Қазақстанда тіл саясатын дамытудың 2023-2029 жылдарға арналған тұжырымдамасын іске асыру  аясында қазақ тілінің мемлекеттік тіл ретіндегі толыққанды қызметін қамтамасыз ету үшін халықтың түрлі этникалық топтары арасында мемлекеттік тілді қолдануды дамыту қажет. Қазіргі уақытта Қарағанды облысының аумағында  «Тіл қазына» әлеуметтік жобасы аясында осы мәселені шешу үшін гранттық қаржыландыру қарастырылған. 2024 жыл –

7 000,0

мың тг.

1 қысқа мерзімді грант Нысаналы индикатор:

 

Жобаға қатысушыларды тікелей қамту Қарағанды облысында кемінде 500 адам.

 

Күтілетін нәтиже:

 

1. Ұлттық дәстүрлер мен әдет-ғұрыптарды, тіл мен әдебиетті дәріптеу мақсатында кемінде 7 отбасының қатысуымен Қарағанды облыстық «Үлгілі отбасы» конкурсын өткізу, жүлде қоры:

Бас жүлде-1 000 000 тг;

І-орын-700 000 тг;

ІІ-орын-500 000 тг;

ІІІ-орын-300 000 тг;

3 ынталандыру жүлдесі – 100 000 тг.

 

Іс-шараға қатысушылар/көрермендер саны кемінде 250 адам.

2. Мектеп жасына дейінгі балалардың қазақ тіліне, туған жеріне деген құрметін ояту, мемлекеттік тілді үйренуге қызығушылығын арттыру, басқа ұлт өкілдерінің балаларын тарта отырып, шығармашылық және зияткерлік әлеуетті дамыту мақсатында Қарағанды облысында «Бала тілі – бала» тақырыбында фестиваль өткізу

(4 жастан 6 жасқа дейін, мектепке дейінгі ұйымдардан кемінде 10 шығармашылық ұжым дербес меншік нысанынан және ведомстволық бағыныстылығына қарамастан).

Іс-шараға қатысушылар/көрермендер саны кемінде 250 адам.

3. «Қарағанды облысының тілдерді дамыту басқармасы» ММ-мен іс-шаралар тұжырымдамасын бекіту.

4. Жоба туралы ақпараттық жариялау үшін әлеуметтік желілерде 20 жарияланым және БАҚ-та 5 мақала орналастыру.

 

2. Қоғамдық келісімді және жалпыұлттық бірлікті нығайту Мемлекеттік тілді қолдану аясын кеңейту Ақпараттандыру және коммуникация саласында, әлеуметтік желілерде мемлекеттік тілдің қолдануын  кеңейту мақсатында Қарағанды облысының аумағында «Тіл- қазына» әлеуметтік жобасы аясында бірқатар іс-шараларды ұйымдастыру және өткізу қажет.

Осы жобаны іске асыру:

– жастар арасында ұлттық құндылықтар мен дәстүрді, тілімізді, менталитетті насихаттау арқылы қазақ тіліндегі онлайн-контент үлесін арттыру;

– бұқаралық ақпарат құралдарында, оның ішінде әлеуметтік желілерде қазақ тіліндегі контент сапасын арттыру;

– отбасылық құндылықтарды, ұлттық дәстүр мен әдет-ғұрыптарды, ана тіліміз бен ұлттық менталитетті дәріптеу;

 

 

2024 жыл –

9 000,0

мың тг.

1 қысқа мерзімді грант Нысаналы индикатор:

 

Жобаны ақпараттық қамту кемінде 50 мың қаралым.

 

Күтілетін нәтиже:

 

1. «Қазақ тілі 24/7» контентін үш бағытта қалыптастыру (қазақ тілі мен дәстүрін дәріптеу):

– Кемінде 10 мың жазылушы аудиторисы бар Қарағанды облысының 2 блогердің қатысуымен ұлттық дәстүрлерді насихаттау мақсатында 10 бейнеролик әзірлеу;

– «Қазақшаң қалай, балақай?» бағдарламасы шеңберінде Қарағанды облысынан басқа ұлт балаларының (Меншік нысанына және ведомстволық бағыныстылығына қарамастан мектепке дейінгі ұйымдардың 4 жастан 6 жасқа дейінгі) қатысуымен телеарнада трансляцияны қамтамасыз ете отырып, 10 бейнеролик әзірлеу;

– Мемлекеттік тілді насихаттау мақсатында Қарағанды облысында түрлі жағдайятқа байланысты 10 бейнеролик әзірлеу.

2.Әлеуметтік желілерде (Instagram, Instagram, Facebook, YouTube)  жоба профилін құру, сондай-ақ жобаны ақпараттық қамту үшін 35 хабарлама мен 5 БАҚ мақаласын жариялау.

Барлығы: 16 000,0 мың теңге  

 

  1. Қандай үкіметтік емес ұйымдар конкурсқа қатыса алмайды

Төмендегідей нысанда құрылған коммерциялық емес ұйымдар конкурсқа қатыса алмайды:

1) саяси партиялар;

2) кәсіптік одақтар;

3) діни бірлестіктер;

4) дербес білім беру ұйымдары;

5) дербес кластерлік қорлар;

6) нотариаттық палаталар;

7) адвокаттар алқасы;

8) адвокаттық кеңселер;

9) Заң консультанттарының Республикалық алқасы;

10) Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы;

11) Қазақстан Республикасының сот сарапшылары палатасы;

12) жеке сот орындаушыларының Республикалық палатасы;

13) Қазақстанның Төрелік палатасы;

14) кәсіби аудиторлық ұйымдар;

15) аудиторлық қызмет жөніндегі кәсіби кеңес;

16) көппәтерлі тұрғын үйлердің мүлкі меншік иелерінің бірлестіктері. 

  1. Қағидалардың 39тармағына сәйкес Оператор келесі жағдайларда конкурсқа қатысудан бас тартады және өтініш берушіге тиісті хабарлама жібереді:

1) өтінім Қағидалардың талаптарына сәйкес келмесе;

2) өтінім мемлекеттік гранттардың басым бағыттарының бекітілген тізбесіне сәйкес келмесе;

3) өтініш берушінің жарғылық мақсаты гранттардың басым бағытына сәйкес келмесе;

4) Заңның 6-1-бабының 4-тармағына сәйкес Үкіметтік емес ұйымдардың дерекқорында ілтеме: infonpo.gov.kz) өтініш беруші туралы мәліметтер болмаса;

5) егер өтініш беруші тарату процесінде болса;

6) егер өтініш беруші банкрот деп танылса;

7) егер өтініш берушінің атқарушылық іс жүргізу бойынша берешегі болса;

8) егер өтініш беруші мемлекеттік сатып алуға жосықсыз қатысушылардың тізілімінде тұрса;

9) егер өтініш берушінің мүлкіне тыйым салынса;

10) егер өтініш берушінің экономикалық қызметі тоқтатыла тұрса;

11) егер өтініш берушінің басшылары, құрылтайшылары мемлекеттік органның және (немесе) оператордың уәкілетті адамдарының жұбайы (зайыбы), жақын туыстары, жекжаттары болып табылса;

12) егер өтініш берушілердің басшылары, құрылтайшылары террористік қызметке қатысы бар адамдардың тізіміне, сондай-ақ жаппай қырып-жою қаруын таратуды қаржыландырумен байланысты ұйымдар мен адамдардың тізбесіне және (немесе) терроризмді және экстремизмді қаржыландырумен байланысты ұйымдар мен адамдардың тізбесіне енгізілсе.

  1. Гранттардың басым бағыты бойынша Конкурс мынадай негіздердің бірі бойынша өтпеді деп танылады:

1) конкурсқа қатысуға ұсынылған өтінімдер болмағанда;

2) конкурсқа қатысуға өтінімдердің бірде-біреуі жіберілмегенде;

3) конкурс қорытындысы бойынша жеңімпаздар болмағанда. 

  1. Өтінімдерді қабылдаудың аяқталу күні мен уақыты

Өтінімдер Операторға мынадай мерзімдерде енгізіледі:

ҚЫСҚА МЕРЗІМДІ ГРАНТТАР БОЙЫНША 15 (ОН БЕС) ЖҰМЫС КҮНІ ІШІНДЕ 2024 ЖЫЛҒЫ «26» НАУРЫЗЫ МЕН «15» СӘУІР АРАЛЫҒЫНДА АСТАНА ҚАЛАСЫНЫҢ УАҚЫТЫ БОЙЫНША САҒАТ 18:30-ҒА ДЕЙІН; 

КӨРСЕТІЛГЕН МЕРЗІМДЕРДЕН КЕШІКТІРІЛІП, ОНЫҢ ІШІНДЕ ПОШТА БАЙЛАНЫСЫ АРҚЫЛЫ ЖӘНЕ/НЕМЕСЕ ҚОЛМА-ҚОЛ ЖӘНЕ/НЕМЕСЕ ЭЛЕКТРОНДЫҚ ПОШТА АРҚЫЛЫ ЕНГІЗІЛГЕН ӨТІНІМДЕР ҚАРАЛМАЙДЫ.

  1. Өтінімдер жіберілетін пошталық және электрондық мекенжайлар

Конкурсқа қатысу үшін өтінім беруші өтінімді мынадай тәсілдердің бірімен енгізеді:

Өтінімдер беру тәсіліне байланысты пошта байланысы арқылы немесе қолма-қол немесе веб-портал арқылы қағаз немесе электрондық тасымалдағышта беріледі:

1) қағаз нұсқада өтінімдер мемлекеттік гранттың таңдалған басым бағыты, өтініш берушінің атауы мен байланыстары көрсетіле отырып, пошта байланысы арқылы немесе қолма-қол мына мекенжай бойынша қабылданады: Астана қаласы, Қабанбай батыр даңғылы, 11/5 ғимарат, 5 қабат, 504/1 кабинет, пошта индексі 010000.

Өтінімдерге қол қойылуы, тігілуі, нөмірленуі, өтініш беруші басшысының не сенім білдірілген адамның мөрімен және қолымен бекітілуі тиіс (уәкілетті тұлғаның сенімхаты қоса беріледі).

Өтініш берушінің атынан сенімхат оның басшысының немесе оған құрылтай құжаттарымен уәкілеттік берілген өзге тұлғаның қолы қойылып беріледі және егер осы тұлғаның Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес мөрі болуға тиіс болса, өтініш берушінің мөрімен бекітіледі.

Оператордың өтінімдерді қағаз нұсқада қабылдау уақыты: дүйсенбі мен жұма аралығында Астана қаласының уақыты бойынша сағат 9.00 мен 18.30-ға дейін (түскі үзіліс сағат 13.00-ден 14.30-ға дейін).

2) мемлекеттік гранттың таңдалған басым бағытын, өтініш берушінің атауын және байланыстарын көрсете отырып, мұрағатталған бірыңғай WinRAR, WinZip файлында PDF және MS Word форматында электрондық тасымалдағышта urya-karaganda@cisc.kz электрондық поштасына өтінімді міндетті түрде қайталай отырып, пошта байланысы арқылы немесе қолма-қол мына мекенжай бойынша қабылданады: Астана қаласы, Қабанбай батыр даңғылы, 11/5 ғимарат, 5 қабат, 504/1 кабинет, пошта индексі 010000.

Өтінімдерге қол қойылуы, нөмірленуі, өтініш беруші басшысының не сенім білдірілген тұлғаның мөрімен және қолымен бекітілуі тиіс (уәкілетті тұлғаның сенімхаты қоса беріледі).

Өтініш берушінің атынан сенімхат оның басшысының немесе оған құрылтай құжаттарымен уәкілеттік берілген өзге тұлғаның қолы қойылып беріледі және егер осы тұлғаның Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес мөрі болуға тиіс болса, өтініш берушінің мөрімен бекітіледі.

Оператордың өтінімдерді электрондық тасымалдағышта қабылдау уақыты: дүйсенбі мен жұма аралығында Астана қаласының уақыты бойынша сағат 9.00 мен 18.30-ға дейін (түскі үзіліс сағат 13.00-ден 14.30-ға дейін).

3) Мемлекеттік гранттың таңдалған басым бағыты, өтініш берушінің атауы мен байланыстары көрсетіле отырып, электрондық форматта urya-karaganda@cisc.kz электрондық поштасына мұрағатталған WinRAR, WinZip файлында PDF және MS Word форматында жіберіледі.

Өтінімдерге қол қойылуы, нөмірленуі, өтініш беруші басшысының не сенім білдірілген тұлғаның мөрімен және қолымен бекітілуі тиіс (уәкілетті тұлғаның сенімхаты қоса беріледі).

Өтініш берушінің атынан сенімхат оның басшысының немесе оған құрылтай құжаттарымен уәкілеттік берілген өзге тұлғаның қолы қойылып беріледі және егер осы тұлғаның Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес мөрі болуға тиіс болса, өтініш берушінің мөрімен бекітіледі.

Оператордың өтінімдерді қабылдау уақыты өтінімдерді қабылдау күндері тәулік бойы және өтінімдерді қабылдаудың соңғы күні сағат 18.30-ға дейін.

  1. Конкурсқа қатысу үшін қажетті құжаттардың тізбесі:

1) Қағидалардың №7 қосымшасына сәйкес үкіметтік емес ұйымдар үшін қысқа мерзімді гранттар беру конкурсына қатысуға өтінім (сілтеме: adilet.zan.kz/kaz/docs/V2200029848);

2) құрылтай құжаттарының көшірмелері (барлық өзгерістері мен толықтырулары қоса берілген жарғы, құрылтай шарты (бар болса), өтініш берушінің уәкілетті органының бірінші басшыны тағайындау туралы шешімі және өтініш берушінің басшысының жеке басын куәландыратын құжаты).

3) өтінімнің «Әлеуметтік жобаның серіктестері» (серіктестердің хаттары), «Іске асырылған негізгі жобалар мен бағдарламалар» (көрсетілген қызметтер актілерінің және шот-фактуралардың электрондық көшірмелері. Әлеуметтік жобалар шетелдік көздер есебінен іске асырылған жағдайда және гранттар Оператор арқылы іске асырылған жағдайда – әлеуметтік жобаның іске асырылуын растайтын шарттардың және өзге де құжаттардың көшірмелері) жолдары толтырылған жағдайда. 

  1. Қосымша ақпарат және консультация алу

Конкурстық іріктеу үдерісімен және сараптамалық комиссия қызметімен Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрінің 2022 жылғы 26 қыркүйектегі № 406 бұйрығымен бекітілген Мемлекеттік гранттарды қалыптастыру, беру, мониторингтеу және олардың тиімділігін бағалау қағидаларында толығырақ танысуға болады.

Оператордың қызметкерлері өтінімдерді қабылдау барысындағы кез-келген уақытта консультация бере алады. Қосымша ақпарат пен түсініктеме алу үшін Операторға келесі телефондар арқылы хабарласуға болады:

1) өтінім беру мәселелері бойынша келесі телефон арқылы: +7 (7172) 79 08 72, 79 04 31;

2) «Әлеуметтік жобаның мақсаты», «Әлеуметтік жобаның міндеттері», «Әлеуметтік жобаның сипаттамасы: іске асыру тетіктері (әдістері)», «Жоба туралы презентация (сілтеме)», «Әлеуметтік жобаны іске асыру аумағы», «Әлеуметтік жобаны іске асырудың басталу күні», «Әлеуметтік жобаны іске асырудың аяқталу күні», «Әлеуметтік жобаның нысаналы топтары», «Нысаналы индикаторларды орындауға бағытталған әлеуметтік жобаның нәтижелері», «Әлеуметтік жобаның әріптестері», «Әлеуметтік жобаны ақпараттық сүйемелдеу қалай ұйымдастырылады», «Күнтізбелік жоспар» бөлімдерінің өтінімін толтыру мәселелері бойынша келесі телефондар арқылы: +7 (7172) 79 08 04, 79 08 03, 79 04 30;

3) «Әлеуметтік жобаның шығындар сметасы» бөлімдерінің өтінімін толтыру мәселелері бойынша келесі телефондар арқылы: +7 (7172) 79 08 28;

4) urya-karaganda@cisc.kz электрондық поштасы арқылы.

  1. ҮЕҰ-ға арналған мемлекеттік гранттардың басым бағыттарының бекітілген тізбесі

Конкурс «Қарағанды облысының тілдерді дамыту басқармасы» ММ басқарма басшысының «Үкіметтік емес ұйымдарға арналған 2024 жылға мемлекеттік гранттардың басым бағыттарының тізбесін бекіту туралы» 2024 жылғы «15» наурыздағы № 14 бұйрығы шеңберінде өтеді.

Үкіметтік емес ұйымдар үшін 2024 жылға арналған мемлекеттік гранттардың басым бағыттарының тізбесі Қазақстан Республикасының мемлекеттік саясатының басымдықтары, Қазақстан Республикасының стратегиялық және бағдарламалық құжаттары, Қазақстан Республикасы Президентінің жолдаулары, сондай-ақ мемлекеттік органдар мен үкіметтік емес ұйымдардың ұсыныстары негізінде қалыптастырылады. Бұйрықтың және оған қосымшаның көшірмесі «Қарағанды облысының тілдерді дамыту басқармасы» ММ ресми сайтында орналастырылған: https://www.gov.kz/memleket/entities/karaganda-til-damytu/documents/details/631138?lang=kz

 

Құжаттар:

Шарт

Бұйрық

Гранттар жоспары

Шартқа №7 қосымша

Қосымша 1

Қосымша 2

Қосымша 3

Қосымша 4

Қосымша 5

Қосымша 6

Қосымша 7