Жарияланған күні: 17.08.2021
Естеріңізге сала кетсек, Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі 2021 жылғы 1 шілдеден бастап 1 қыркүйекке дейін (қоса алғанда) ҮЕҰ-ға арналған сыйлықақыны беру үшін өтінімдерді қабылдауды жалғастыруда.
Ағымдағы жылы республика аумағында тіркелген және ҮЕҰ Дерекқорына мәліметтерді мерзімінде ұсынған әрбір ҮЕҰ өтінім қалдыра алады.
Өтінім берген кезде міндетті түрде мыналарды ескеру қажет:
– бір ҮЕҰ сыйлықақыны алуға бір номинациядан артық ұсынуға болмайды;
– сыйлық алғаннан кейін үш жыл ішінде оны алуға қайта ұсынуға жол берілмейді.
Өтінімдер ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Азаматтық қоғам істері комитетіне ueu_syilygy@qogam.gov.kz (PDF форматында) электронды мекенжайға немесе қолма-қол қағаз және электрондық тасығыштарда (CD-дискілерде немесе DOC, DOCX, PDF форматында USB-флэш-жинақтаушыларда) Нұр-Сұлтан қ, Мәңгілік Ел 8. «Министрліктер үйі», 14-кіреберіс мекенжайына жолданады.
Өтінімді ueu_syilygy@qogam.gov.kz электрондық мекенжайға жолдаған кезде. құжаттардың көлемі 10 мб аспауы тиіс (техникалық ақауларды болдырмау мақсатында құжаттарды жолдағаннан кейін бізбен хабарласуды сұраймыз).
Өтінімдерді толтыру бойынша толығырақ ақпаратты : +7 (7172) 74 02 17, 74 09 97, 740511, +7 (702) 376 84 00, +7 (705) 101 59 05, +7 (702) 714 63 24 телефондары бойынша және https://www.gov.kz/memleket/entities/qogam/press/news/details/224035?lang=kk сілтемесі арқылы білуге болады.