ҮЕҰ-ның назарына!

Жарияланған күні: 28.02.2023


Азаматтық бастамаларды қолдау орталығы 2023 жылға арналған мемлекеттік гранттардың басым бағыттарының тізбесінен, «Гранттарды ұсыну рәсімдерінің барынша ашықтығын қамтамасыз ете отырып, «ZHAS PROJECT» жастар корпусын дамыту жөніндегі пилоттық жобаны іске асыру (кооперативтер құру)» бағыты алынатынын хабарлайды.

Грант саласы: «Жастар саясаты мен балалар бастамаларын қолдау».

Жолдама ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрінің 2023 жылдың 27 ақпанындағы бұйрығына сәйкес алынып тасталды.