Жарияланған күні: 24.05.2021
Құрметті достар! Ертең, сағат 10:00-де онлайн-форматта “Азаматтық бастама орталығы” Қоғамдық бірлестігінің “ҮЕҰ Академиясы” жобасын іске асыру шеңберінде “ҮЕҰ-ның білім беру қызметтеріне мұқтаждығы” тақырыбында зерттеу нәтижелерінің тұсаукесері ұйымдастырылады.
Іс-шарада ҚР АҚДМ Азаматтық қоғам істері комитетінің төрағасы Мадияр Қожахмет, Азаматтық бастамаларды қолдау орталығының Басқарма төрағасы Лима Диас, ҮЕҰ Академиясының зерттеу компонентінің үйлестірушілері және т. б. сөз сөйлейді.
Зерттеу нәтижелерін таныстырудан басқа, іс-шараны ұйымдастырушылар мүдделі тараптарды (ҮЕҰ, азаматтық сектор жаттықтырушылары) ҮЕҰ Академиясының білім беру компоненттерін іске асыруға қатысуға шақыруды жоспарлап отыр.
Іс-шараның трансляциясы біздің парақшамызда көрсетіледі.
Естеріңізге сала кетейік, “ҮЕҰ Академиясы” жобасы Азаматтық бастамаларды қолдау орталығының мемлекеттік гранттық қаржыландыруы аясында жүзеге асырылуда.