Жарияланған күні: 27.06.2023
Оқу аяқталған соң Павлодар облысының Қызылжар ауылдық округінде екі бастамашыл топ құрылады деп жоспарлануда. Белсенділер жергілікті қоғамдастықтың түрлі мәселелерін шешетін болады деп, хабарлайды Азаматтық бастамаларды қолдау орталығының баспасөз қызметі.
Павлодар облысының Қызылжар, Сарышығанақ, Борықтал, Суаткөл және Жаңашаруа ауылдарында ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің қолдауымен «Белсенді қоғам» жобасы іске асырылып жатыр. Ол аумақтарды экономикалық және әлеуметтік-мәдени тұрғысында дамыту мақсатымен Қызылжар ауылдық округінде белсенді жергілікті қоғамдастықтарды қалыптастыруға, аумақты басқару шараларына еңбекке қабілетті жастағы жергілікті қоғамдастық тұрғындарын тартуға бағытталған.
Жоба аясында «New vision team» қоғамдық қоры ауыл тұрғындары арасында өзекті мәселелерді анықтау мақсатында сауалнама жүргізеді. Сауалнаманың қорытындысы бойынша оқыту курстары әзірленеді.
«Бірінші кезекте, әр ауылда біз өз өлкесінің дамуына үлес қосуға дайын белсенді тұрғындарды анықтаймыз. Кейін халық арасында сауалнама жүргіземіз. Біз оны шілде айының соңында аяқтауды жоспарлап отырмыз. Сауалнама нәтижелерінің арқасында біз тұрғындардың көкейінде жүрген мәселелерді, бастамашыл топ ретінде тұрғындардың өз ауылдарында нені өзгерткісі келетінін түсіне аламыз.
Содан кейін ауыл белсенділері үшін бастамашыл топтардың әлеуетін арттыру, үкіметтік емес ұйымдарды құру және қоғамдық қызметтің дағдылары бойынша оқыту іс – шараларын өткіземіз», – дейді жоба менеджері Жанар Айткенова.
Жобаның қорытындылары Павлодар облысының Қызылжар ауылдық округінде жергілікті қоғамдастықтың түрлі мәселелерін шешу жөніндегі 2 тұрақты бастамашыл топты құруға, сондай-ақ кемінде 3 нақты мәселені шешуге мүмкіндік береді .
Айта кетейік, «Белсенді қоғам» жобасы осы жылдың қараша айында аяқталады.