ҮЕҰ назарына! ҮЕҰ қызметі туралы мәліметтерді Дерекқорға қалай енгізуге болады?

Жарияланған күні: 18.01.2022


ҮЕҰ туралы ақпараттың Дерекқорда бар-жоғын тексеру үшін infonpo.gov.kz веб-порталына кіріңіз.
Ал егер Сізге тиесілі ҮЕҰ-ның қызметі туралы мәліметтерді Дерекқорда таппасаңыз:
Қағаз және электрондық нұсқадағы (DOC, DOCX форматында CD-дискілерде немесе USB-флэш-жинақтаушыларда) ҮЕҰ туралы мәліметтерді пошта арқылы немесе Нұр-сұлтан қаласы, Есіл ауданы, Мәңгілік Ел даңғылы, 8, 15-кіреберіс, индекс 010000, ҚР АҚДМ азаматтық қоғам істері комитеті мекен-жайы бойынша қолма-қол ұсыну қажет.
Мәліметтерді infonpo.gov.kz. сайтында ұсынылған барлық кестелерді толтыру арқылы қазақ және орыс тілдерінде беруге болады.
Мәліметтерді электронды түрде ұсыну үшін іnfonpo.gov.kz сайтында тіркелу қажет. Ол үшін Сізге заңды тұлғаның ЭЦҚ-сы керек.
Есепті кезеңдегі ақпаратты және ағымдағы жылы іске асырылатын жобалар жөніндегі ақпаратты міндетті түрде көрсетіңіз.
ҮЕҰ Дерекқорында тіркелудің барлық тұстарына қатысты толық ақпаратты 8 (7172) 74 04 28 нөмірі арқылы білуге болады.
Мемлекеттік гранттар конкурсына қатысуға өтінімдер қабылдауға қатысты сұрақтар туындаған жағдайда, Азаматтық бастамаларды қолдау орталығының менеджерлерімен байланысуды сұраймыз. Өңірлерден келетін өтінімдерге жауапты менеджерлердің нөмірлері суретте көрсетілген.