ҮЕҰ: гранттық қаржыландыруды жоспарлау тәсілдері қалай өзгереді?

Жарияланған күні: 20.01.2022


Бүгін Азаматтық бастамаларды қолдау орталығында сарапшылар гранттық қаржыландыруды жоспарлау және гранттық тақырыптарды қалыптастыру тәсілдерін жетілдіруге қатысты ұсыныстарды талқылады.
Онлайн-конференцияға ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің, жергілікті және халықаралық үкіметтік емес ұйымдардың, сарапшылар қауымдастығының өкілдері қатысты.
«Бүгін біз алдағы жобаларды жоспарлаудағы басымдықтарды ашық талқылау үшін сарапшылармен кездесіп отырмыз. Қазір мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс пен гранттық қаржыландыру тетіктерін жетілдіру бағытында белсенді жұмыс атқарылуда. Болашақ жобаларды іске асырудың тиімділігі көбіне жоспарлау кезеңінде қалыптасатындықтан, біз әріптестеріміздің ұсыныстарын тыңдағымыз келеді. Азаматтық бастамаларды қолдау орталығы 15 әлеуметтік бағыт бойынша жұмыс істейтіндіктен, әртүрлі мақсатты топтарды бағалау неден тұратынын түсіну маңызды. Сарапшылардың барлық ұсыныстары Ақпарат және қоғамдық даму министрлігіне, жергілікті атқарушы органдарға жіберілетін болады», – деп хабарлады Азаматтық бастамалар орталығының Басқарма төрайымы Лима Диас.
Сарапшылардың айтуынша, мұндай диалог алаңдарын жұмыстың негізгі бағыттарын бірлесіп қалыптастырып, жүйелі негізде жүргізу қажет.
«Мемлекеттік грант қоғамдағы проблеманы шешуге барынша тез әрекет ете алатын құралға, оны еңсерудің жаңа, инновациялық тәсіліне айналуы тиіс. Ең тиімді шешімдерді мемлекет есепке алып, оалрды кеңейте алады», – деп атап өтті «Ұлттық және халықаралық даму бастамалары институты» ҚҚ директоры Светлана Ушакова.
Кездесуге қатысушылар бұл тақырыптағы диалогқа дайын екендігін білдірді. Онлайн-конференцияның соңында сарапшылар гранттық қаржыландыруды жоспарлау және гранттық тақырыптарды қалыптастыру тәсілдерін жетілдіруге қатысты нақты ұсыныстарын әзірледі.