ҮЕҰ-ға мемлекеттік гранттарды беру конкурсы аясында мемлекеттік тілді қолдану жағдайы» тақырыбында онлайн “дөңгелек үстел”

Жарияланған күні: 02.06.2021


Ертең, 3 маусым, сағат 16:00-де Азаматтық бастамаларды қолдау орталығы алаңында «ҮЕҰ-ға мемлекеттік гранттарды беру конкурсы аясында мемлекеттік тілді қолдану жағдайы» тақырыбында онлайн “дөңгелек үстел” отырысы ұйымдастырылады.
Іс-шара барысында Азаматтық бастамаларды қолдау орталығы ұйымдастыратын ҮЕҰ-ға гранттар беру конкурсына қатысты мемлекеттік тілді қолдану мәселелері мен конкурстық комиссияның құрамын қалыптастыру мәселелері талқыланады.
Іс-шараның мақсаты – ҮЕҰ арасында мемлекеттік тілдің қолдану аясын кеңейту, қазақ тілді ҮЕҰ-дың және сарапшылардың санын көбейтіп, сапасын көтеруге қатысты ұсыныстар мен ұсынымдарды қабылдау.