ҮЕҰ Дүниежүзілік күніне арналған іс-шара

Жарияланған күні: 26.02.2021


Құрметті қазақстандықтар, 2021 жылғы 27 ақпан күні сағат 10:00-ден 16:00-ге дейін сіздерді Орталықтың тікелей эфирдегі парақшасында көрсетілетін Қазақстандағы ҮЕҰ Дүниежүзілік күніне арналған іс-шараға қатысуға шақырамыз (эфирге сілтеме:

https://www.facebook.com/cisc.kz).
Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 – жылдығын мерекелеу шеңберінде ҮЕҰ күнінде ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі «Азаматтық бастамаларды қолдау орталығы» КЕАҚ-мен бірлесіп ҮЕҰ өкілдері үшін қоғамның әлеуметтік мәселелерін шешуге қосқан үлестері үшін алғыс ретінде іс-шара ұйымдастырады.
Іс-шараға ҚР үкіметтік емес ұйымдарының өкілдері, дипломатиялық миссиялардың, халықаралық ұйымдардың, мемлекеттік органдардың басшылары мен өкілдері қатысады.
Іс-шара бағдарламасымен сіз тіркелген файлдан таныса аласыз