Жарияланған күні: 28.03.2023
Нұрсұлтан Назарбаев Қоры «Құқық, денсаулық және коммуникация – қазіргі әлемнің тұрақты даму бағыттары» тақырыбында әлеуметтік идеялар мен жобалардың республикалық байқауын жариялайды.
Байқаудың мақсаты құқықтық мәдениет, денсаулық үшін ортақ жауапкершілік, ақпараттық сауаттылық сияқты әлеуметтік маңызды мәселелерді шешуді ұсынатын үздік идеялар мен жобаларды анықтау және насихаттау.
Байқаудың міндеттері:
- Азаматтардың құқығын қорғау, СӨС профилактикасы, медициналық қызметтердің сапасы, цифрландыру және ақпараттық мәдениет саласындағы үздік үлгілердің тұсаукесері.
- ҮЕҰ-ның арнаулы топтармен жұмыс істеудегі тәжірибе алмасуы және үздік тәжірибені насихаттау үшін пікірталас алаңдарын ұйымдастыру.
- ҮЕҰ-ның кәсіби құзыреттерін жетілдіру және т.б.
Байқау мына номинациялар бойынша қоғамдық бастамаларды қолдауға бағытталған жыл сайынғы Әлеуметтік идеялар мен жобалар жәрмеңкесі аясында өтеді:
№1 номинация: «Құқықтық құзырет: сыйластық мәдениеті және заңдылықты сақтау»
№2 номинация: «Халықтың денсаулығы мен әл-ауқаты: денсаулық сақтау қызметіне қолжетімділікті жақсарту»
№3 номинация: «ҮЕҰ үшін коммуникациялар: халықпен жұмыс істеудің үздік стратегиялары»
Өтінім берудің соңғы мерзімі: 30.04.2023
Байланыс телефоны:
Ершіманова Гүлнәр Орынбасарқызы – 8 (727) 305-36-20, е-mail: innovaproekt@fnn.kz
Толық ақпаратты мына сілтеме бойынша табуға болады: http://fnn.kz/kz/competition/67